Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

...Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

Аналитика
...Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

Бүгін Алматы облысының бас санитарлық дәрігері брифинг берді. Ерғали Сыдыманов Алматы облысында соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатқанын айтты.

- Осы апта рейдтер жүргіздік, ресторандар мен кафелерде той болып жүргенін анықтадық. Негізі осындай шараларда ауру көп жұғады. Соңғы жеті күнде 100 мың адамның үштен бірі ауру жұқтырып отыр. Біз карантинді жалғастырып, шектеу шараларын қолданамыз. 30 орындықтан көп әлеуметтік тамақтандыру орындары жабылады және мектепке дейінгі мекемелердің жұмыстары тоқтатылады. Тек 15 адамнан тұратын кезекші топ қалады, - деді Ерғали Сыдыманов.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, басқа да мәдени, ойын-сауық нысандарының жұмысы шектеледі. Бас дәрігер әсіресе, діни сенімі бар адамдардан мешіттер мен шіркеулерге бармауды сұрады.

- Қазір не үшін онда барады түсінбеймін. Адамдардың сенімін құрметтеймін, бірақ құлшылықты үйде де жасауға болады ғой. Әсіресе, жөтеліп, ыстығы көтеріліп барып, Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін, - деді Ерғали Сыдыманов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу