Кәсіпкер Шахмұрат Муталип Eurasian Resources Group (ERG) компаниясындағы Александр Машкевич пен Патох Шодиевтің үлестерін сатып алды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Мүталіп ERG-дегі Машкевич пен Шодиевтің үлесін сатып алды», – деп хабарлады дүйсенбі күні жағдайдан хабардар дереккөз КазТАГ агенттігіне.
Редакция Integra Construction KZ компаниясына түсініктеме алу үшін сауал жолдаған.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі Glencore Plc компаниясы Kazzinc Ltd.-тегі өз үлесін Мүтәліпке сату бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.