freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейде тұрғындар арыстандарға тас лақтырған: Полиция тексеріс бастады

Құқық
Семейде тұрғындар арыстандарға тас лақтырған: Полиция тексеріс бастады
Andrew Wong / Reuters

Семейде балалар биологиялық орталығында болған оқиғадан кейін полиция тексеріс жүргізе бастады. Мұнда келушілер арыстандар тұрған қоршауға тас лақтырған, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.  

Орталықтың мәліметінше, бір топ ер адам осылайша жануарлардың назарын аудармақ болған. Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Биологиялық орталық бұл әрекетті жануарларға қатыгездік көрсету деп бағалады.

Біздің биологиялық орталықта келушілердің, әсіресе ересек адамдардың жануарларға тас, таяқ және басқа да заттарды лақтыру жағдайлары жиілеп кетті. Бұл – жай ермек емес, бұл – жануарларға жасалған қатыгезді», – деп мәлімдеді мекеме.

Орталық өкілдері жануарлардың өздерін қорғай алмайтынын және толықтай адамдарға тәуелді екенін еске салды.

Биологиялық орталықтағы жануарлар – “көңіл көтеру нысаны” емес, ауырсынуды, қорқынышты, күйзелісті, сондай-ақ агрессия мен енжарлықты сезетін тірі жандар. Жануар қашып кете алмайды, тығыла алмайды, өзін қорғай алмайды. Ол толықтай бізге тәуелді, – деп атап өтті орталық өкілдері.

Ал Абай облыстық полиция департаменті өз кезегінде тексеріс басталғанын растады.

Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр, ықтимал куәгерлер анықталып, олардан жауап алынуда. Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін олардың әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады, – делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу