Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

Құқық
Сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

Алматының Медеу аудандық соты 2025 жылғы 17 қарашада бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағасы Дулат Қожамжаровтың мүлкін бұғаттады,деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл құжат «Сот кабинеті» сайтында жарияланған.

Бұғаттау туралы шешім Қазақстан Халық банкінің өтініші бойынша шығарылған.

Сот қаулысына сәйкес, екі жеке тұлға мен оларға тиесілі төрт компанияның жалпы сомасы 2,63 миллиард теңге көлеміндегі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бұғатталды.

— Сот талапкердің сұраған сомасы — 2 550 635 252,63 теңге және мемлекеттік баж сомасы 76 524 956 теңге, яғни барлығы 2 627 160 208,63 теңге көлеміндегі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бұғаттады. Бұғатталған мүлікке «Группа Компаний „Ойл Снаб“ ЖШС, „HILL Resources“ ЖШС, „HILL Invest“ ЖШС, „AvtoTechMas Ltd“ ЖШС, Дулат Қожамжаров пен Гүлназ Қожамжароваға тиесілі мүліктер кіреді, — делінген Медеу аудандық сотының қаулысында.

Құжатта сот 2025 жылғы 6 қарашада талап бойынша шешім шығарылғанын, бірақ сол кезде мүлік тізімі мен сомада қате кеткенін атап өткен. ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 235-бабына сәйкес, сот бұл қатені түзеп, бұғатталған мүліктің тізімін және сомасын нақтылап шыққан.

Еске салайық, биыл қыркүйекте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлағанбыз.

Ол лауазымдық өкілеттін асыра пайдаланды және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу