457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

«Ордабасымен» өткен матчтан кейін төрешілерді қатаң сынап, Қазақстан футболының болашағы жоқ екенін айтқан «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов 4 матчқа шеттетілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша жаттықтырушыны спортқа сай емес мінез-құлық көрсеткені үшін бірқатар ойындардан шеттету туралы шешім қабылданды.

ЖаркОFF телеграм-каналына берген сұхбатында Самат Қабірұлы өзіне тағайындалған жазаға қатысты пікір білдірген.

«Көңіл күйім өте жақсы, айтқандарымды жүз пайыз орынды деп есептеймін. Қажет болса, матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында айтқан сөздерімді тағы да қайталауға дайынмын. Көңіл күйім мүлде түскен жоқ, командамен жұмысымды жалғастырып жатырмын. Апелляция бермеймін, өйткені бұл менің кері шегінгенімді білдірер еді. Ал менің жағдайым жақсы», – деді Самат Смақов.

Еске салайық, «Жетісудың» бас бапкері «Ордабасымен» болған ойынды төрелік еткен судьяны «ақшаға сатылған» деп айыптаған болатын. Сондай-ақ, ол қазақ футболы өзбектерден 15 жылға қалып қойғанын, тіпті Тәжікстаннан да төмендеп кеткенімізді айтқан еді.

Фото: "Жетісу" ФК

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған