freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО әкімі Сақтағанов отставкаға кету туралы өтініш берді

Құқық
ШҚО әкімі Сақтағанов отставкаға кету туралы өтініш берді
Gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сыбайлас жемқорлық үшін сотталған бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты үкім заңды күшіне енгеннен кейін отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды Malim.kz.Tengrinews.kz cайтына сілтеп. 

ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы Лаура Жақұпова облыс басшысының отставкаға кету туралы өтініш бергенін, бірақ оның қабылданбағанын хабарлады.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш берді. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша, оның бұл іске қатысы жоқтығы ескеріліп, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Өңір әкімінің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша қызметі штаттық режимде жүргізіліп жатыр", – деді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу