Сұлтан Сарсемалиев сот отырысында істі алқа билердің қарауынан бас тартты, деп хабарлайды Malim.kz.
Күдікті өзінің іс әрекетіне өкінетіндігін, бұл әрекетке қайын атасы мен енесі әйелі екеуінің арасына түскендіктен, балаларын тартып алмақ болғандықтан барғанын айтты.
— Ортамызға түсіп, ажырастырды. Сонда да бөлінгіміз келмей, бірге тұра бердік. Отбасыма араласуын тоқтатқан жоқ. Әйел мен балаларымды өзімнен айырды. Осының барлығы мені осы іске итермеледі. Қандай жаза берсе де өтеуге дайынмын, — деді күдікті Сұлтан Сарсемалиев.
Негізгі сот отырысы 28 мамыр 10:00–де өтеді.
Айта кетейік, бүгін алдын ала сот отырысы өтіп, прокурор күдіктінің қылмысты қалай жасағанын айтты.
Сот медициналық сараптамасында және тергеу барысында анықталған дәлелдерге сәйкес Наурыз Мұқанғалиевтің 2025 жылдың мамыр айында қайтыс болғаны анықталды. Ал қалған үшеуі қараша айында көз жұмған еді.