Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тропикалық талдар отырғызылды

Қоғам
Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тропикалық талдар отырғызылды

Түркістан қаласындағы белсенді демалыс саябағының ботаникалық бағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тропикалық өсімдіктер егіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz

Белсенді демалыс саябағының жалпы аумағы – 10,5 гектар. Көгалдандыру алаңы – 61 891,78 шаршы метрді құрайды. Саябақтың аумағында орналасқан Ботаникалық бақ келешекте сұранысы жоғары демалыс орнына айналмақ.

Айта кетейік, елімізде баламасы жоқ бұл саябақта тропикалық гүлдер мен талдар өсіріледі. Арнайы жылыжай-ғимаратында жылыту жүйесінің арқасында саябақ жыл бойы жасыл болып тұрады. Саябаққа түрлі құстар, балықтар әкелінеді деген жоспар бар. Бүгінде талдар мен гүлдер егіліп, көгалдар төселген.
Фото: Түркістан облысы ӨКҚ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу