Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркиялық қылмыстық топ қазақстандықты 78 миллион теңгеге алдап кеткен

Құқық
Түркиялық қылмыстық топ қазақстандықты 78 миллион теңгеге алдап кеткен

50-ден астам қазақстандық Түркиядан көлік сатып алғысы келіп, ақшаларын алаяқтарға беріп жіберген, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық көлік сату сайтында түркиялық топ жарнама жариялап, 52 азаматтан жоқ көліктер үшін 78 миллион теңге алдап кеткен, – делінген хабарламада.

Бас прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қамауға алынғанын, ұйымдастырушыға іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

Қазақстан заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында алаяқтықпен күрес мәселелері қаралды.

Шара барысында онлайн платформалардан 500-ден астам алаяқтық жарнама жойылып, 57 қылмыстық кибертоп әшкереленгені белгілі болды.

Фото: интернет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу