freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҰБТ-да 178 талапкер ереже бұзғаны үшін емтиханнан шеттетілді

Білім-ғылым
ҰБТ-да 178 талапкер ереже бұзғаны үшін емтиханнан шеттетілді
du.org.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші аптасының қорытындысы бойынша 178 талапкер ереже бұзғаны үшін емтиханнан шеттетілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, 103 талапкер тестілеу пунктіне тыйым салынған заттарды алып кірмек болған сәтте ұсталған. Олардың қатарында смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап және шпаргалкалар бар. Соның салдарынан олар емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Ал тағы 75 талапкер тестілеу барысында тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды.

Ведомство мәліметінше, бақылау шаралары тест аяқталғаннан кейін де жалғасады. Барлық бейнежазба 31 қазанға дейін мұқият тексеріледі. Егер кейіннен қандай да бір заңбұзушылық анықталса, талапкерлердің нәтижелері жойылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу