Бұл туралы malim.kz тілшісі үкіметтің ресми арнасына сүйеніп хабарлайды.
Астанадағы NU базасында жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін аймақтағы алғашқы ғылыми виварий ашылды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ол клиникаға дейінгі зерттеулердің толық циклін жүргізуге мүмкіндік беріп, елімізді биомедицина саласында жаңа деңгейге көтермек.
Сондай-ақ жаңа ғылыми нысан бұрын препараттарды шетелде сынақтан өткізіп келген дәрі-дәрмек өндірушілер мен халықаралық инвестицияларды елімізге тартуға мүмкіндік береді.
«Ғылыми биотехнологиялық орталық пен виварийді құру – Қазақстанды ірі ғылыми, медициналық, фармакологиялық орталық ретінде таныту үшін өте маңызды қадам. Бұл біздің аймақтағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін алғашқы орталық. Енді Қазақстанның ірі фармакомпанияларды тартуға және елімізді клиникалық, клиникаға дейінгі сынақтардың үлкен орталығы ретінде ұсынуға бірегей мүмкіндігі бар»,
— деп атап өтті министр.