freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысында кәсіпорын директоры тергеушіге пара бермек болған (ВИДЕО)

Құқық
Ұлытау облысында кәсіпорын директоры тергеушіге пара бермек болған (ВИДЕО)
Фото: Polisia.kz

Ұлытау облыстық Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы кәсіпорындардың бірінің директоры тарапынан жасалған пара беру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан күдікті қылмыстық істің өзіне тиімді шешілуі үшін тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған. Алайда тергеу бөлімінің қызметкері заңсыз әрекетке барудан бас тартып, бұл туралы бірден тиісті басқармаға хабарлаған. Жедел іс-шаралар барысында кәсіпкер ақшаны тапсыру үстінде қылмыс үстінде қолға түсті.

Қазіргі уақытта тәркіленген ақша айғақты зат ретінде алынып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу