freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жазғы демалыста балалар қандай жұмыстарды істей алады?

Құқық •
Жазғы демалыста балалар қандай жұмыстарды істей алады?

Жазғы демалыс кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім балаларға қанша сағат жұмыс істеуге болатыны айтылды. Бұл туралы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.



Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің жұмыс істеуіне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:

14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс;

16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу – аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.

Жасөспіріммен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет.

Кәмелетке толмағандарды келесідей жұмыстарға тартуға тыйым салынады:

түнгі уақыттағы жұмыс (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін);

үстеме жұмыс;

вахталық жұмыс;

қоса атқарылатын жұмыс;

жұмыс уақытының жиынтық есебімен жүргізілетін еңбек.

Комитеттің хабарлауынша, балалар еңбегін заңсыз пайдаланатын және оларды еңбек қызметінің тыйым салынған түрлеріне тартатын жұмыс берушілер жазаланады.

Фото: Pin24 ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу