Сайлауда дауыс ұрлау күнә ма?

Олжас Қасым

  • 06.01.2021

Кез-келген сайлаудың бұрмалаусыз өткеніне бірінші кезекте билік мүдделі болуы тиіс. Басқасын айтпағанда сайлау дегеніміз саяси партияның я болмаса жекелеген саясаткердің заңды билігін көрсететін демократиялық институт. ҚР сайлау туралы заңы да  сайлау құжаттарын қолдан жасауға, дауыстарды қате санауға, сайлау нәтижелерiн көпе көрнеу қате айқындауға, дауыс беру құпиясын бұзуға, басқа адамдар үшiн дауыс беруге тыйым салады. Тіпті ол үшін заңнама бойынша үш жылға дейін сотталып кетуіңіз ықтимал.

Ал дін не дейді? Сайлау тәртібін бұзу дінде қалай қаралады? Malim.kz тілшісі «сайлауда дауыс ұрлау қаншалықты күнә?» деген сауалды дін адамдарына қойып көрген еді.

Белгілі исламтанушы Қайрат ЖОЛДЫБАЙ құранның ниса сүресінің 135 аятында куәлікке жүргенде алла разылығы үшін әділ болыңдар деп жазылған дейді.

Уа, иман келтіргендер! Алла разылығы үшін куәлікке жүргенде, тіпті өздеріңнің, ата-аналарыңның және туған-туыстарыңның зиянына болса да, қара қылды қақ жарған әділ болыңдар. (Біреуге жақтасып немесе қарсы куәлік еткендеріңде) мейлі бай, мейлі кедей болсын (туралықтан таймаңдар). (Өйткені) Алла байға да, кедейге де сендерден әлдеқайда жақын (яғни екеуінің де жай-күйін сендерден анағұрлым жақсы біледі). Сондықтан да нәпсіге еріп, әділдіктен ауытқып кетпеңдер. Егер куәлікке тартылғандарыңда тілдеріңді шайнап, міңгірлеп, дұрыс куәлік етпесеңдер немесе куәлікке жүріп (шындықты айтудан) бастарыңды ала қашатын болсаңдар, біліп қойыңдар, Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.

Ниса сүресі 135 аят

Сондықтан дауыс ұрлау харам дейді.

«Біреудің ақысын рұқсатсыз алу ұрлық. Ал, ұрлық харам! Сайлауда кісінің ақысын жеу, біреудің таңдауына қол сұғу, әділеттіліктен ауытқу - ол да харам. Алла елшісі өзінің бір хадисінде «кімде-кім  алдайтын болса, біздің үмбеттен емес» деп қатаң ескерткен. Дауыс ұрлаған әрбір адам күнә арқалайды деп айтуға негіз бар. Кез-келген ұрлықтың өзінің бір жеке зияндары болады. Ал дауысты ұрласаңыз оның зияны өте ауқымды. Өйткені дауыс ұрлау арқылы, әділеттіліктен таю арқылы жемқорлыққа, қоғамның үміт еткен жақсы өміріне балта шапқан болуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан, дауыс ұрлау - басқа ұрлықтардан да ауыр күнә. Әрбір дауыс халықтың аманаты. Аманатқа қиянат жасау - ауыр күнә», - дейді Қайрат Жолдыбай.

Алматыдағы Владимир князь атындағы православ шіркеуінің дін қызметшісі Сергей әкей кез-келген ұрлық жазасы құдайдан дейді.

«Құдайға еш нәрседе жасырын емес. Жасыруда мүмкін емес қой. Адамдарды алдау арқылы билікке ұмтылу үлкен күнә. Құдайдан жаза тартады. Қандай жаза болатынын айту қиын. Себебі о дүниеге барып қайтқан адам баласы жоқ. Кісінің хақсын жеу, алдау, қандайда басқа жаманшылық жасау барлық дінде күнә», - дейді  Сергей Әкей

Алматыдағы Буддистер ғибадатханасының оқытушысымын деп өзін таныстарған Ким мырза ислам-христиан дін өкілдеріне қосылады.

«Сіздің айтып отырғаныңыз саяси мәселе екен. Мен саясатқа қатысты ешнәрсе айтқым келмейді. Әмбе шетелдік азаматпын. Будда ең бейбіт дін. Біреу саған қол көтерсе оған қарсы күш көрсетпе дейді. Әрине, ұрлықты буддизм қолдамайды. Жамандық жасаған адам оның зардабын түптің түбінде тартады. Кармаға ұшырайды. Карма деген жаза емес. Өмірде жақсы мен жаман деген жоқ. Адамдар өздері әлемді ақ пен қараға бөліп тастаған. Бар-жоғы жасалған әрекеттің, құбылыс пен оқиғаның салдары  бар», - Ким мырза. 

Байланысты жаналықтар

"Бекеңнің жүйкесі сыр бергенге ұқсайды. Шын жаным ашыды"

20.08.2020

"Түрлі қылмыстарға барған мұндай адам биліктен кете алмайды"

11.03.2020

Мемлекеттік бағдарламамен үй алу харам ба?

08.10.2020
MalimBlocks
"Бекеңнің жүйкесі сыр бергенге ұқсайды. Шын жаным ашыды"

"Түрлі қылмыстарға барған мұндай адам биліктен кете алмайды"

Мемлекеттік бағдарламамен үй алу харам ба?