Нұр-Сұлтанның "Қазақстаны" қирағалы тұр

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 11.02.2021

Нұр-Сұлтанда «Қазақстан» спорт кешенін бұзуы мүмкін.

Кеше халықпен кездесу өткізген елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» спорт кешенінің жағдайы мәз емес екенін мәлімдеді.

«Ғимарат авариялық жағдайда тұр. Әсіресе, шатыры мен өзге де конструкциялары бойынша мәселелер бар. Осыған байланысты біз сметалық жоба құжаттарын дайындадық. Биыл толық жөндеуден, модернизациядан өткіземіз. Ғимаратты толықтай бұзып тасауымыз да мүмкін», - деді Көлгінов.

«Қазақстан» спорт кешені 2019 жылдың сәуірінде жабылған. Оған дейін ол «Барыс» хоккей клубының мұз аренасы болған. Ғимарат 2001 жылы пайдалануға беріліп, 2007 жылы хоккей ойындарын өткізу үшін қайта жөндеуден өткен. Спорт кешені экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған. Кешеннің ашылу салтанатына елбасының өзі қатысқан. Экс-президент тіпті «Қазақстан» СК туралы өзінің «Евразия жүрегінде» атты кітабында да жазған. Онда ол «Қазақстан» СК құрылысына 11 миллион доллар қаржы кеткені туралы, «Шеврон», «Филип Морис», «Аксесс Индастриз», «Эксон Мобил» сияқты алпауыт компаниялардың өтінішін жерге тастамай, кешен құрылысын қаржыландыруға атсалысқанын мақтанышпен айтады.

Жалпы, «Қазақстан» СК ашылған уақытта Нұрсұлтан Назарбаев ғана емес, мемлекетті БАҚ пен құрылысқа қатысы бар демеушілер де кешенді "әлемде теңдесі жоқ нысан" деп бағалаған. Барлығы ғимарат құрылысына 90 пайыз Қазақстан өнімдері пайдаланылғанын, бір нысанның ішінде сегіз жолақты олимпиада бассейні мен мұз айдыны орналасқанын жарыса айтқан. Енді міне, елбасы мақтап, МемБАҚ жақтаған спорт сарайы 20 жылдығында бұзылайын деп жатыр. Астана дәуірінде салынған ғимараттың Нұр-Сұлтан эрасында сүрілгені өкінішті әрине...

Байланысты жаналықтар

«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

18.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

18.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

18.04.2024
MalimBlocks
«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

ІІМ ресми өкілі жалпы республика бойынша көктемгі су тасқыны аясында адам өлімінің бес фактісі тіркелгенін растады.

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

Қазір мұндай сипаттағы жеті қылмыстық іс бар.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды.

Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылды.