Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

  • 01.03.2020
  • Malim Админ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. 1 наурыз жалпыхалықтық мереке күніне арналған тілек мәтіні Ақорда сайтына жарияланды.

"Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы белгілеген бұл мейрам – өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Қазақ жұрты қиын-қыстау кезеңде амалсыз қоныс аударған миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды. Олардың өздері де, ұрпақтары да жерімізден пана тауып, өсіп-өніп, Қазақстанның дамуына зор үлес қосты. Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз. Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жеткіздік. Бұл – егемен еліміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығымыз болып қала береді. Ішкі саяси тұрақтылық – әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі. Еліміздің барлық азаматтарына Қазақстанды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әр отбасына амандық пен игілік тілеймін!", - делінген президентті құттықтауында. 

Бұл мейрам экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен 2016 жылдан бері елімізде аталып өтеді.

"Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн, яғни  1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді", - деген болатын Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ.

Фото ғаламтордан алынды.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Цойға ескерту жасады

01.04.2021

Балалар дәретханасына камера орнатқан шенеунік жауап берді

01.06.2020

ПТР анықтама мен вакцина паспортын қолдан жасағаны үшін 11 млн теңгеге дейін айыппұл салынады

14.07.2021

Президентке үндеу: Мұнайшылар ереуілі неге жиіледі?

22.07.2021

Халықтың зейнетақы жинағы неге азайып жатыр?

18.04.2020

Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті

19.04.2021