Жемқорлықтың шегі жоқ, ал жаза қайда?

Malim Админ

  • 07.02.2020

Сыбайлас жемқорлық республикамыздағы барлық мемлекеттік мекемелердің өне бойына енген. Сыбайлас жемқорлықтың ең зиян жері мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын, халыққа тиесілі мүліктің өз қолына тиюін тежейді, я мүлде тоқтатады. Сол себепті халықтың жағдайы жақсармайды. Экономикалық жғдай республикамызда қаншалықты көтерілді дегенмен, жекелеген азаматтардың жағдайы ешбір жақсармай тұр.

Қазір еліміздегі ең үлкен мәселе баспаналы болу. Осының өзінде жең ұшынан жалғасқан жымысқы әрекеттер көбейіп кеткен. Дүние тетігін ұстап тұрмын деп есептейтін кішкентай шенеуніктердің өздерінен зо кеудесі бір ғана нәрсеге ұмтылдырып отыр. Ол – жеке құлқындары. Адамның көзі ешқашан тоймайды. Абайдың «Ескендір» поэмасындағы мысал естеріңізде шығар. Адам көзі бір уыс топыраққа ғана тояды. Құлқынның құлы болғандар оны еш ұғар емес. Ал баспаға жете алмай отырған халықтың зарын кім түсінеді?

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айтты.

Оның айтуынша, осы қылмыстардың салдарынан мемлекетке келтірілген залал 2,5 миллиард теңгеден астам соманы құрады (2 525 277 мың теңге), оның 100 пайызға жуығы (2 511 619 мың теңге) қазіргі таңда өтелген. Осы салада бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары тергеліп жатыр. Бұндай зиян әрекеттер бүтіндей бір тетіктің жұмыс істеуін тоқтады. Ондай паразиттерден сөз жоқ бірінші құтылу керек.

Талдау қорытындысына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көп тараған түрлері – бұл парақорлық, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және орындалған жұмыс актілеріне заңсыз қол қоюға байланысты жымқыру (су тазарту құрылыстарын күрделі жөндеуге, жарықтандыруды орнатуға және көшелерді абаттандыруға, көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету жабдықтарын орналастыру және т.б. жұмыстары).

Олар тендерлер өткізу, тұрғын үй беру кезегін жылдамдату, жалпы қамқорлық, сондай-ақ магистральды желілерді қайта жаңарту, елді мекендерді сумен жабдықтау және тағы басқа жұмыстарды жүргізу кезінде бөлінген бюджеттік қаражатты жымқыру фактілерімен байланысты.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2017-2019 жылдар аралығында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 300-ден астам сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Оның ішінде 288 қылмыстық іс тергеумен аяқталып, 92% сотқа жолданды және 78 тұлға сотталды.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өндірісінде осы салада 104 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болған, оның 91-і Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тіркелген, 56-сы өндіріспен аяқталды, оның 49-ы сотқа жолданды. 20-дан астам лауазымды тұлға сотталды», - деп хабарлады Данияр Бигайдаров.

«Жүргізілген талдау қорытындысы бұл саланың әрбір бағыты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен ұштасқанын куәландырады. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің неғұрлым нақты нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау аяқталғаннан кейін жарияланатын болады», - деді аға тергеуші.

Сонымен қатар Агенттік осы бағытта әрбір қылмыстық іс бойынша Қылмыстық процессуалды кодекстің 200 бабына сәйкес ұсыныстарды енгізеді. Ол ұсыныстар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мен жою мен мақсатында әзірленеді екен.

Қазір қарап отырсақ, кез келген қылмысқа, ұйымдасқан іс-әрекетке қатысты заңдар жүйелі өзгеріп жатыр. Негізінен бәрі қатаң жазаға көшті. Бірақ осы қатаң жазаның өзінен адамдар құтылып кетіп жатқандай көрінеді. «Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылып» жүрген жоқ па деген қауіп те жоқ емес.

Байланысты жаналықтар

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

18.03.2024

Қостанайда бұрынғы жеке сот орындаушы 6 млн теңге ұрлаған

15.03.2024

«Ұлттық қор – балаларға»: Қазақстандықтар қанша қаражат шешіп алды?

12.03.2024

Жетісу облысында сабақ тоқтатылған күндері тамаққа ақша төленген

11.03.2024

Астанада 33 нысанда құрылыс тоқтатылды

11.03.2024

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

07.03.2024
MalimBlocks
Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Қостанайда бұрынғы жеке сот орындаушы 6 млн теңге ұрлаған

Бұл қаражат - борышкерлердің әкімшілік айыппұлдары мен басқа да қарыздары бойынша жұмыс орнынан ұсталған сома.

«Ұлттық қор – балаларға»: Қазақстандықтар қанша қаражат шешіп алды?

Жетісу облысында сабақ тоқтатылған күндері тамаққа ақша төленген

Астанада 33 нысанда құрылыс тоқтатылды

Олардың рұқсат құжаты жоқ боп шықты.

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

Бұ ең төменгі жалақы мөлшерімен (85 мың) есептелген.