"Шымбұлақта" балаларға шаңғыны тегін үйретіп жатыр

  • 11.03.2021
  • Руслан ЕРБОТА

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында дәл фристайл мен шаңғы акробатикасынан әлем чемпионаты өтер қарсаңда аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында балалар алғаш рет шаңғы теуіп көріп, арнайы мамандардан шаңғы спорты туралы тәжірибелік-терориялық тұрғыда ақыл-кеңес алып, жаттығу жасауға мүмкіндік алды.

30-дан аса бала қатысқан оқу-жаттығу шарасын Ұлттық шаңғы Ассоциациясы мен «Шымбұлақ» ТШК ұйымдастырған. Оның сыртында бұл тегін оқу-жаттығудың «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалардың дамыту қорының әлеуметтік акцияларының бастауы болғанын айта кету керек.

«Біз «Samruk-Kazyna Trust» қорының бірқатар әлеуметтік жобаларын өткізбекпіз. Мұнда аз қамтылған отбасынан шыққан адамдарды Медеу-Шымбұлақ шатқалына апарып, онда тегін жаттықтырушылар тобын құрдық. Одан бөлек ерекше есептегі балалардың шаңғы және соноуборд теуіпи үйренуіне мүмкіндік береміз», - дейді ҚР Ұлттық шаңғы Ассоциасиясының төрағасы Асқар Уәлиев.

Жалпы, ерекше есептегі және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар бұл жобаға қатысу үшін «Шымбұлақ» ТШК әкімшілігіне хат жазып, тіркелуі керек. Хатта шатқалды аралап, демалып қайтатындардың немесе шеберлік сабағына қатысқысы келетін балалардың тізімін ұсынуы керек.

Баласы шеберлік сабағына қатысқан ата-аналардың бірі Ирина Маслова. Ол көптеген балаларда «Шымбұлақ» шатқалына көтерілуге мүмкіндік жоқ екенін, тіпті, осы шараның арқасында шаңғыны алғаш көрген балалар да бар екенін айтады.

«Екі баланың анасы ретінде, біздің Алматыда осындай жан-жақты жоба пайда болғанын айтқым келеді. Балалардың тау-шаңғысын тебуді үйренуге мүмкіндік сыйлаған, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Мынадай жерде болып, спорт арқылы бас қосу керемет қой», - дейді ол.  

Айта кету керек, бұл шара «Қайырымдылық марафоны» ұлттық жобасы аясында өтіп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Шекара ашылса, қандастар үдере көшпек

26.10.2020

Түрме. Есірткі. Сотталған полицейлер

16.07.2021

Қашанда жақсылық жасауға құмар болу керек

26.08.2020

Президент шенеуніктерді 25 % қысқартпақ

01.09.2020

"Алматыда 250 мың адам жұмыссыз қалды"

30.03.2021

Магистрант министр орынбасары болды

02.02.2020