Пабликтен телеарнаға дейінгі пропаганда: Ахметов 220 миллионды қайда жұмсамақ?

Malim Админ

  • 07.04.2021

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мемлекет саясатын насихаттау үшін 220 миллион теңге жұмсамақ.

4 сәуірде мемлекеттік сатып алулар порталында ілінген 41832090-ОК1 лотта Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы 2021 жылы әлеуметтік желілерде (парақша, паблик, топтарда) қазақ және орыс тілінде өңірдегі мемлекеттік саясатты насихаттауға тендер жариялағаны көрсетілген. Басқарма осы мақсатқа бюджеттен 60 357 142, 86 теңге жұмсауды жоспарлаған.

Сатып алынатын өнімнің техникалық ерекшелігі жөніндегі хаттамада лот атауы «SMM қызмет» деп көрсетілген. Өнім берушіге қойылатын талаптар арасында «Facebook және ВКонтакте желілерінде 21 000 секунд аудиовизуалды материал жариялау, 1000 секундтық анимациялық аудиовизуалды материалдардың сценарийін дайындау және мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды материалды таратып, 2 000 000 қаралым жинау» талаптары бар.

Тендерге қатысуға өтініш қабылдау 2021 ж. 04. 09 басталып, 2021 ж. 04. 24 аяқталады.

Бұдан бөлек, ШҚО ішкі саясат басқармасы сәуірдің 1-і күні аймақтық мерзімді басылымдарға мемлекет саясатын насихаттауға 89 285 714, 30 теңгеге тендер жариялаған. Онда өнім берушіге қойылатын талаптар арасында: басылым аптасына кем деген де екі рет шығуы тиіс, Басылым форматы: D3, A3, A2 болуы қажет және жарияланатын материалдардың мәтіні мен фотосы 50/50 болуы керек деген пункттер бар. Тендерге өтініш қабылдау сәуірдің 2-і күні басталған. Ол 12-іне дейін жалғасады. Лотты кімдердің ұтып алғаны сол уақытта белгілі болады.

Бұған қоса, Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік сатып алулар порталына дәл осындай тақырыпта 4 хабарландыру ілген. Оның ішінде мемлекеттік саясатты насихаттауға бюджеттен республикалық телеарналарға (26 875 000, 02 тг), аймақтық желілік басылымдарға (7 589 285.72 тг), республикалық танымал желілік ақпараттық агенттіктерге (15 508 928.61 тг), аймақтық телеарналарға (21 160 714.30 тг) бөлу қарастырылған. Жалпы алғанда, биыл ШҚО ішкі саясат басқармасы мемлекеттік пропагандаға бюджеттен 220 миллион 776 мың 785,81 теңге жұмсамақ.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

10.04.2024

ШҚО-да жауын-шашынға байланысты шағын өзендер тасуы мүмкін

09.04.2024

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

04.04.2024

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

19.08.2023

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

20.07.2023
MalimBlocks
Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

Нәтижесінде оның бағасы 3200 теңгеге төмендетілген.

ШҚО-да жауын-шашынға байланысты шағын өзендер тасуы мүмкін

Қауіпті учаскелер анықталып, тәулік бойы бақылау жүргізіліп жатыр.

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Өскемен қаласының тұрғыны полицияға терракт жайлы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

Кесене артындағы дәретханадан, үйіліп жатқан қоқыстардан... ұяттан кірерге жер таппадық

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

Жемқорлар жайлаған тендердің «жеңімпаз» баспаларына министрліктегілер ескерту жасай алмайды