457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қосшы әкімінің күмәнді тендері

Былтырғы жылдың соңғы аптасында Қосшы әкімі 53 млн теңгенің тендерін өткізген кезде “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңды бұзған. Оның орынбасары бұған байланысты түсініктеме берді дейді malim.kz тілшісі sotreport.kz арнасына сүйеніп. 

 

Облыстан бөлінген қаржы “Қосшы қаласында бағдаршамдар мен жол белгілерін орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану” мақсатында берілген. Қосшы әкімінің орынбасары Садыровтың айтуынша, ол қаржы қазір тек жолақтар мен белгілерге жұмсалып жатыр. Тендерді ұтқан компанияның бағдаршамдарға қызмет көрсететін білігі жоқ екен. Дәл сол уақытта, қаланың бұрынғы мердігерге 70 млн теңгеден қарызы бар болып шықты. Ол мердігердің қолында жұмыстың атқарылғаны туралы акт, әкімдік тарапынан қарызды мойындаған хат сияқты құжаттар бар көрінеді.