Шығыс Қазақстандағы өзен жасыл түске боялды (видео)

Malim Админ

  • 07.05.2021

Шығыс Қазақстан облысы Алтай аймағында технологиялық жол бойындағы өзен жасыл түске боялды. Жергілікті тұрғындар бұл  Алтайдағы"Қазмырыш" компаниясына тиесілі  байыту фабрикасының шөгінді тұндырғысынан шыққан су дейді. Алайда "Қазмырыш" мұны жоққа шығарды.

Малеевск ауылына апаратын технологиялық жолдың жанындағы өзеннің жасылға айналғанын байқаған тұрғындар оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. Тұрғындар Березовка өзеніне қосылып, Бұқтырмаға құятын бұл өзеннің суы улы химикаттардан жасыл түске боялды деп алаңдайды. Құрамында химиялық қалдықтары бар мұндай улы су бай флора мен фаунаға айтарлықтай зақым келтіруі мүмкін дейді. Жергілікті Alva TV тілшілері өзенді дроннан түсіріп, оның қалдық қоймадан бастау алатынын анықтады.

Жергілікті тұрғындар Алтайдағы "Қазмырыш" тау-кен металлургиялық компаниясына кіретін «Алтай» байыту зауыты фабриканың қоқыс сақтау қоймасының кесірінен өзен түсін өзгерткен деп санайды.

Алайда  "Қазмырыш" оған қатысымыз жоқ дейді:

«Алтай тау-кен байыту кешенінің байыту фабрикасы штаттық режимде жұмыс істейді, өндіріс технологиясында өзгерістер болған жоқ немесе төтенше жағдайлар да болған жоқ. Су тасқын кезінде мемлекет рұқсат еткен көлемде ғана шығарылуда», - деді «Қазмырыштың» қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Евгений Фоминых «Устинка Live» порталына берген сұхбатында.

Alva TV корреспонденттерінің айтуынша, бұл жағдай қаланың қоғам қайраткерлері мен прокуратурасының бақылауына алынды. Олардың бастамасымен облыстық экология департаментіне үндеу жіберілді. Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің қызметкерлері тексеріс жүргізе бастады. Өзеннің бірнеше жерінен сынама алынып, "Қазгидрометке" тексеріске жіберілді. Тексеріс нәтижесі бірнеше күнде дайын болады.

Меруерт Қалымжанова.

Фото және видео автордікі.

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024
MalimBlocks
Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды