Тасмағамбетов «Камаз» өндірісіне келді

Malim Админ

  • 06.06.2021

Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі болған саясаткер Иманғали Тасмағамбетов «КАМАЗ» ЖАҚ директорлар кеңесінің құрамына өтті. Бұл туралы БАҚ сайты хабарлаған.

Наурыз айында ресейлік компанияның акционерлері сайлауға екі үміткерді ұсынғаны туралы хабарлаған болатын. Оның біреуі – КамАЗ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырко болса, екіншісі 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов.

4 маусымда өткен жылдық жалпы жиналыста Иманғали Нұрғалиұлы мүшелікке өтті. 

«КАМАЗ» ЖАҚ – ресейлік компания, дизельді жүк көліктері мен дизельді қозғалтқыштарды өндіреді. Сонымен қатар автобустар, тракторлар, комбайндар, электр қондырғылары, жылу шағын электр стансалары мен компоненттер шығарады. Негізгі өндіріс Набережные Челны қаласында орналасқан.

«Камаз» компаниясының негізі 1969 жылы қаланған. Бірінші автомобиль 1976 жылы 16 ақпанда шыққан. Содан бері 2,25 млн автомашина және 2,85 млн жуық двигатель жасалған. Әлемнің сексен еліне сатылады.   

Байланысты жаналықтар

Вирустың жаңа штамы: Ауырып шыққандар қайта жұқтыра ма?

19.03.2021

Бірыңғай Тұрғын үй операторы баспананы қалай қол жетімді етеді?

22.04.2020

Ішімдік – өзіңе де, өзгеге де қауіп

28.05.2020

Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі комиссияның отырысы өтті

29.10.2020

Әсия Төлесованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

09.06.2020

IX Азаматтық форум аяқталды

27.11.2020
MalimBlocks
Вирустың жаңа штамы: Ауырып шыққандар қайта жұқтыра ма?

Бірыңғай Тұрғын үй операторы баспананы қалай қол жетімді етеді?

Ішімдік – өзіңе де, өзгеге де қауіп

Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Әсия Төлесованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

IX Азаматтық форум аяқталды