Түймебаев бюджет есебінен ҚазҰУ туралы жағымсыз ақпараттарды бақылайды

Malim Админ

  • 08.06.2021

ҚазҰУ-дың жаңа ректоры Жансейіт Түймебаев бюджет есебінен ҚазҰУ туралы жағымды-жағымсыз ақпаратты бақыламақ. Бұл туралы Ras Aitamyn Telegram-арнасы хабарлады.

Қыста елдегі ең ірі университеттердің бірі - ҚазҰУ-дың басшылығына Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев тағайындалған еді. Бұған дейін ҚазҰУ-да “жер дауы” шығып, универсиеттің 0,8 гектар жері жекеменшік компанияға өтіп кеткені айтылды. Ras Aitamyn ҚазҰУ жері өтіп кеткен компанияның артында экс-президент Н.Назарбаевтың күйеубаласы, олигарх Тимур Құлыбаев тұрғанын алғашқы болып жазған. 

 

 Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ректор болып барған соң, оқу орны ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді белсенді бақылап,  шолу жасай бастады. Ақпарат құралдары мен әлемжеліні сүзіп отыруға, әлбетте, бюджет ақшасы жұмсалады.

 

Мысалы, биыл сәуірде ҚазҰУ Infinity Enterprises компаниясымен “ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің ақпараттық мониторингі” қызметі үшін келісімшарт жасасты. 

 

Тендерді алушы компания ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен ТВ-жаңалықтарда ҚазҰУ айтқан негізгі сөзерді тауып, шолу жасайды. Ақпарат құралдары мен әлемжеліден қандай сөздерді табу керектігін ҚазҰУ анықтайды.

 

Кемі 280 газет пен журнал, 15 телеарна, 65 интерет-сайт, 8 ақпарат агенттігі мен 25 шетелдік ақпарат құралына шолу жасалуы керек.

 

Келісімшарт бойынша, өнім беруші мониторингті тәулік бойы жүргізеді. Шолу нәтижесін күн сайын таңғы сағат тоғызға дейін және кешкі беске дейін жасап, материалдарды ортақ файлға топтап жібереді. Файлдың алғашқы бетінде барлық мақала мен сюжеттің тақырыптары көрсетілсе, ары қарай жарыққа шыққан мақала мәтіні толық берілуі тиіс.

 

Мониторингте белгілі бір сөздерді автоматты түрде табатын құрал-жабдықтар қолданылуы керек.

 

Ақпараттық мониторинг мынандай белгілер бойынша жасалады:

-  ҚазҰУ атының аталуы;

- ҚазҰУ белгілі  тұлғаларының аталуы;

- ҚазҰУ-да өткен шаралар мен маңызды оқиғалардың аталуы;

- ҚазҰУ факультеттері мен кафедралардың және т. б. институттары туралы ақпарат.

Ал мониторинг нәтижесі мынаны қамтуы тиіс:

  • Күнделікті шығатын материалдарда ҚазҰУ атауы мен бренді қанша рет аталғанын көрсету;
  • ҚазҰУ туралы шыққан жалпы материалдардың санын көрсету
  • ҚазҰУ туралы шыққан жағымды не жағымсыз, бейтарап ақпараттарды жеке-жеке көрсету. 

 

Мониторинг туралы есепті ҚазҰУ-ға DVD-диск немесе флэшкамен жөнелту керек.Шолу нәтижесі де университетке демалыс пен мерекені есепке алмағанда күнде жолдануы шарт. Өнім беруші мониторингті осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізеді.

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады