Кенжебаевтың өліміне қатысты полиция мен Мамайдың сөзі қабыспайды

Malim Админ

  • 01.07.2021

Маңғыстау облысының полиция департаменті  Жаңаөзен оқиғасы кезінде азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың ұлы, 33 жастағы Ғалымжан Кенжебаевтың өліміне қатысты түсінік берді. Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, сарапшының алдын ала жауабы бойынша, Кенжебаев жүрек-қан тамыр қызметінің жеткіліксіздігінен қайтыс болған.

Белсенді, Қазақстанның демократиялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамай бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында Жаңаөзен оқиғасы кезінде уақытша қамау абақтысында азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың 34 жастағы ұлы Ғалымжан Кенжебаевтың "жұмбақ жағдайда" қайтыс болғанын хабарлаған еді.

" 34 жастағы Ғалымжанды өткен аптада белгісіз біреулер Жаңаөзенде аяусыз соққыға жықты деген хабар алдық. Оны ауруханаға әкетіп, операция жасаған. Дәрігерлер Ғалымжанның туыстары мен таныстарына ол ауруханаға түсіп, операция жасалғанын хабарламаған. Жексенбі күні басына жасалған операциядан кейін әлі қалпына келмеген Ғалымжанды полицейлер жауап алу үшін учаскеге алып кетті. Мұның қандай жауап алу екенін ешкім білмейді. Операциядан кейін қалпына келмеген адамды неге полиция бөлімшесіне алып кетті? Ауруханадан жазылып шықпаған адамды дәрігерлер қалай полицейлерге бере салды? Ғалымжан Кенжебаевты полицей учаскесіне алып келгеннен кейін біраз уақыттан кейін ол қайтыс болған. Полиция тек содан кейін ғана Жаңаөзендегі белсендіге хабарласып, Базарбай Кенжебаевтың ұлы көшеде қайтыс болғанын хабарлады", - деп жазады Жанболат Мамай.

Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті "Кенжебаевты полицей учаскесіндегі азаптау" туралы ақпарат шындыққа жанапайды" дейді.

" 26 маусым күні Кенжебаев өзінің танысы Б. деген азаматпен "Самал" шағын ауданындағы саябақта ішімдік ішкені анықталды. Ішімдік ішкен кезде екеуінің арасында  жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Соның нәтижесінде Кенжебаев  жарақат алды. Келесі күні таңертең 27 маусым күні Кенжебаев Жаңаөзен қаласындағы қалалық ауруханаға өз бетінше қаралуға барып, онда оған медициналық көмек көрсетілді.  Қабылдау бөлімінің дәрігерлері бас, бет, арқа жарақаты деген алдын ала диагноз қойып, амбулаториялық ем алуға кеңес берген. Медицина қызметкерлері бұл жайлы полицияның кезекші бөліміне хабарлаған. Бұдан кейін жанжалға қатысқан екі азамат түсінік беру үшін полиция бөлімшесіне шақыртылды", - делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Полиция департаменті  денсаулыққа зиян келу фактісі бойынша әкімшілік кодекстің 73-1 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, жанжалға қатысушылардан түсінік алынған соң,  ер адамдар жеке-жеке үйіне жіберіліп, полиция бөлімшесі ғимаратынан шықты дейді.

"Сол күні 21:30-да 102 пультіне "3 а" ықшамауданы тұрғыны үйлердің бірінің артында ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Оқиға орнын қарау кезінде қайтыс болған адамның жеке тұлғасы анықталды.  Сонымен қатар алкоголь ішімдіктерінің бөтелкелері табылды. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу басталды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды.  Сарапшының алдын ала жауабы бойынша, қаза себебі, жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің жеткіліксіздігі.  Сотқа дейінгі алдын ала тергеу жалғасып жатыр. Осылайша әлеуметтік желідегі "Кенжебаевты полицей учаскесіндегі азаптау" туралы ақпарат шындыққа жанапайды", - делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Ғалымжан Кенжебаевтың әкесі Базарбай Кенжебаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде уақытша қамау абақтысында азаптаудан алған ауыр жарақаты салдарынан 2011 жылы 21 желтоқсанда қайтыс болған.  Базарбай Кенжебаев 19 желтоқсан күні  өз үйінде ресейлік «Новая газета» тілшісі Елена Костюченкоға сұхбат берген. Базарбай Кенжебаев сол сұхбатынан кейін екі күн өткенде қаза болған.

Базарбай Кенжебаевтың отбасы үшін Жаңаөзен оқиғасы қасіретке айналды. Оның қазасына бір жыл толғанда әйелі, ал 2014 жылдың желтоқсанында Жаңаөзен оқиғасы кезінде тергеу абақтысындағы азаптауды көзімен көрген, батыл мәлімдемелерімен жұрт есінде қалған 24 жастағы қызы Әсем қайтыс болды.


 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады