Вакцина салдырғандардың өмір сүру мен жұмыс істеуге мүмкіндігі жоғары – сарапшы

Елордалық құқық қорғаушылар Одағының төрағасы Серік Беркамалов қазақстандықтардың қалыпты өмірге оралуына тек ұжымдық иммунитет көмектесе алады деп есептейді.

Айшолпан КЕРІМ

  • 14.08.2021

Сарапшы сөзінше, вакцинацияның негізгі мақсаты – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Батыс мемлекеттердің вакцинациялау тәжірбиесі оң нәтиже көрсетті: халықтың 70 %-ы вакцина алған жағдайда ел экономикасы қалыпқа келіп, ауыр науқастар мен жалпы ауру таралу көрсеткіші әлдеқайда төмендеген.

Сәйкесінше бұл елдерде ойын-сауық және қызмет көрсету орталықтары, кинотеатрлар мен театрларға жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Кейбір шектеулер болғанымен, бұл – ел экономикасы үшін толық локдаун жасағаннан тиімдірек.

«Қазақстанда көктемде вакцинацияның үгіт-насихатына тым көп уақыт жұмсалғанын көрдік. Дәл осы уақытта вакцина туралы түрлі фейк ақпарат пен қастандық теориясы жайлы әңгіме тарап кетті. Бірақ вакцинаның тиімділігі өзге елдер мысалында  дәлелденіп қойған», - дейді сарапшы.

Дамыған елдердің бәрі біртіндеп қалыпты өмірге орала бастады. Сарапшы ең бастысы бұл елдерде адамдар өзге де сырқауларын еркін емдете алатынын жағдайға жеткенін айтады. Ал ковид-емханаларда науқас жоқтың қасы.

Мысалы Израильде коронавирустан күніне жеті-сегіз адам қайтыс болса, Қазақстанда шамамен 120 адам. Израиль халқының саны 9 млн, ал бізде 19 млн дегеннің өзінде, Қазақстандағы өлім көрсеткіші 25 есе артық, - дейді Беркамалов. Себебі ол елдің шамамен 75%-ы вакцина алған, бұл сан – ел азаматтарының өмірін қорғауға мүмкіндік беретін алғашқы амал.

«Қазақстанда ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде адамдар еркін қозғалып, әркім өз ісімен айналыса алады. Себебі вакцина алған адамдардың өмір сүру мен жұмыс істеуге мүмкіндігі жоғары. Қазір қазақстандықтар тек мақсатты дұрыс қоя білуі тиіс», - дейді ол.

Одақ төрағасы пандемияны жеңудің жалғыз амалы – вакцинация екенін күллі әлем мойындағанын алға тартады.

Вакцинацияның әлемдегі спорт сүйерлер үшін де пайдасы зор. Екпенің арқасында стадиондар қайта толып, жанкүйерлер сүйікті командасына бұрынғыша қолдау көрсетіп, ал спортшылар қорықпастан қайта алаңға оралады.

Белсенді, оқиғаға бей-жай қарамайтын қазақстандықтар вакцинацияның маңызын түсіндіру үшін азаматтық штаб құрып үлгерді.

«Аргентинада вакцинация өте жақсы зерттелген. Халық саны бізден көп, SputnikV-мен қатар бірнеше вакцина түрі жақсы қолданылды. SputnikV барлық зерттеулерден өтіп, қандай да бір жанама әсері жоқ екені, болған күннің өзінде оның минималды екені дәлелденді. Құжаттарда вакцинаның шынымен тиімді екені, жұмыс істейтіні жазылған», - деп толықтырды Беркамалов.

Сарапшы қазақстандықтардың көбі түрлі дәлелсіз дерекке оңай сенетіндіктен, вакцинаға қатысты мұндай деректер көптеп айтылуы керек деп есептейді.

Байланысты жаналықтар

Қаңтар қырғынында зардап шеккендерге 2 миллион теңгеге дейін өтемақы төленеді

20.01.2022

Қызылордада нарызылық қызып тұр

15.04.2020

Волонтерлік қанымызда бар қасиет

23.04.2020

Біртановты сынаған дәрігерге митинг өткізуге рұқсат бермеді

23.06.2020

Өзбек байы ең атымтай жомарт екен

22.05.2021

Харари: Пандемиямен күрес - адам құқықтарын шектеудің басы

28.03.2020
MalimBlocks
Қаңтар қырғынында зардап шеккендерге 2 миллион теңгеге дейін өтемақы төленеді

Қызылордада нарызылық қызып тұр

Волонтерлік қанымызда бар қасиет

Біртановты сынаған дәрігерге митинг өткізуге рұқсат бермеді

Өзбек байы ең атымтай жомарт екен

Харари: Пандемиямен күрес - адам құқықтарын шектеудің басы