Ермекбаев: Министрді кінәлау – надандық

Елнұр Бақытқызы

  • 28.08.2021

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл ауданы Байзақ ауданындағы әскери бөлімше қоймасындағы жарылысқа министрді кінәлау надандық деп мәлімдеді. Бұл туралы министр бүгін бір топ журналистің сұрағына жауап бергенде айтты.

"Министрді кінәлі деу – бір жағынан надандық. Сауатты адамдар біледі, қарулы күштер –  бұл кіші мемлекет. Қарулы күштер ішінде барлық жүйе бар: білім беру жүйесі, денсаулық сақтау жүйесі, жауынгерді даярлау. Бұл – өте күрделі механизм.Әрине, бір адам бәріне қарап, қадағалауы қиын. Бірақ бізде сондай қағида бар: бірінші жетекші бәріне жауап береді. Сол сияқты жеке өзім кінәсіз, жазықсыз болсам да бәріне жауап беремін. Оның үстіне офицердің, генералдың ар-намысы деген ұғым бар.  Оған сәйкес, мен әрине, отставкаға беремін. Жоғары бас қолбасшы, мемлекет басшысы қандай шешім қабылдайтынын айта алмаймын. Қазіргі міндетім апат салдарын жою", - деді министр.

26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімі аумағында орналасқан оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болды.Соңғы дерекке сәйкес, өрт сөндіруге қатысқан 13 әскери қызметкер қаза тауып, 98 адам зардап шекті.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

17.04.2025

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

17.04.2025

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.