457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Желіде дұға сататын блогердің басы дауға қалды

QosLike жобасының бұрынғы қатысушысы Аякөз Асқарова әлеуметтік желідегі парақшасында дұға сататынын айтып, елді шошытты, – деп хабарлайды Malim.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазір хиджаб киіп кеткен ол адам ел естімеген мәлімдеме жасады. 

"Бір күні бір дұғаны көріп, оқып, оның тарихы мен құдыреттілігіне үңілемін ғой. Қағбаны айналып, бір күн бойы тоқтамай соны оқи беремін. Осылайша мені күйдірген проблема бір-ақ күнде шешіледі. Мен ол мәселені шешу үшін қайғырып жүрмін. Ал оның шешімі – бір ғана дұға болып шықты. Қазіргі таңда көп оқырманым мен айтып жүрген дұғаны айтып, пайдасын көріп жатыр. Бірінші Алла, мен ортада себепкермін. Дәл осы дұғаны біз де айтайықшы дегендерге дәл бүгін 24 сағат сатылымға рұқсат беремін", – дейді ол. 

Блогер өзін бұл әрекеті үшін айыптағандарға жауап бере кетті. 

"Ешкім сіздерді дұғаны сатып ал деп қинамайды. Дұғаны адам айта салмайды, оның да өз тәсілі бар. Мен дұғаны жай беріп қана қоймаймын. Оны қалай айтады, қай уақытта айтады, соның барлығын толықтай түсіндіремін. Ризығыңыздың көбейгенін, мәселеден Алланың суырып шығарып алғанын қаласаңыз, мен айтқан дұғаны сіз де айтсаңыз болады. Маған "Құрандағы тегін нәрсені сататын кімсің?" дейді, онда Құранды ашыңыз да, оқып алыңыз. Сіз оқуға ерінесіз де, оқыған адамға 1000 теңгеңізді беруге қимайсыз. Артық әңгіме айтпаңыздар", – деп түсіндірді блогер. 

Фото: aikyn.kz 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00