Мемлекеттік тілдің заңдық күшеюі бәріне бірдей ұнамайды

Malim Админ

  • 08.10.2021

Парламент Мәжілісінде жарнамадағы қазақ тіліне талапты күшейтетін заң жобасы екінші оқылымда барып мақұлданды. Депутат Берік Әбдіғалиұлы, сондай-ақ, елдімекендер атауын жазуда, мемлекеттік мекемелерде орыс тілін қажет болған жағдайда ғана қолданған жөн деп санайды. Бұл жаңалыққа көпшілік қуанғанмен, кейбіреулерге ұнамаған сыңайлы.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аталатын заң жобасының мақсаты  сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшалардағы, басқа да көпшілік көретін ақпараттың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы болып отыр. Мәтіндердің түпнұсқалы аударылуы бойынша да қосымша талаптар белгіленбек.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің мәселесі бәрімізді алаңдатады. Соның ішінде сайлаушыларымыздың жиі көтеретіні – көрнекі ақпараттағы қазақ тіліндегі мәтіндердің сауатсыздығы, ал кейбіреулерде тіпті қазақ тіліндегі мәтіннің болмауы», - дейді Берік Әбдіғалиұлы.

Депутаттың пікірінше, елдімекендердің дәстүрлі тарихи қалыптасқан қазақ атауларын тек мемлекеттік тілде жазған абзал. Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшаларында да мағлұматты орыс тілінде қажет болған жағдайда ғана келтіру дұрыс болмақ. Хабарландыру, ас мәзірі сияқты дүниелерде де солай.

 «Халық денсаулығы кодексіне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нұсқаулықтарының, таңбалаудың, стикерлердің барлық мәтіні Тілдер туралы заң талаптарына сәйкес, түпнұсқалық мағынасы мен орфографияны сақтай отырып, жазу жөнінде толықтырулар енгізілді. Дегенмен бірқатар ұсыныс әлі пысықталып жатыр. Оларды мемлекеттік тілге байланысты бөлек заң жобасын дайындап, сол жерде кең көлемде көздеуді ұйғардық. Осылайша қазақ тілі мәселесін шешуге бір табан жақындадық деп үміттенеміз», - деп нақтылайды ол.

Жаңалықты естіген жұрттың басым бөлігі сауаттылық пен тәртіпке шақыратын бастамаға қолдау білдіргенімен, қарсылық танытқандар да кездесті. Мәселен саясаттанушы Данияр Әшімбаев бұған қатты ашуланып, өз ойын қорғау үшін біртүрлі дәйектер келтірді. Оның сөзінше, заң жүзінде дәстүрлі қазақ атаулары деген жоқ, тек құзырлы тараптар бекіткен ресми атаулар ғана бар. Сосын қай алфавит негізге алынады, кириллица ма, латынша ма деп жақауратты. Тіпті сарапшы депутат өз ұсынысымен тіл басқармаларына бизнесті жемқорлық көзіне айналдыруға жол ашты деп кінәлап, 30 жылдағы тіл саясатының тиімсіздігін, екі-үштілділіктің аяққа тапталғанын нұсқады.

Бұған жауап ретінде Берік Әбдіғалиұлы оны сабырға шақырып, бәрі Конституция аясында екенін, заң жобасы Сенатқа өткенін жеткізді.

Тәңірберген АРҒЫН

 

Байланысты жаналықтар

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024
MalimBlocks
Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.