457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі басталды

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Cъезінің жұмысы басталды.


VIІI Съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысып жатыр. Олардың қатарында әлемдік діндердің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және қоғам қайраткерлері бар.

Бүгінгі форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Жұмыс барысында секциялық отырыстар форматында бірқатар өзекті мәселе қаралады.

Ал 18 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында Жас діни лидерлердің ІІ форумы өтеді.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Съезд аясында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Хатшылықтың XXIII отырысы өтті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі Съезі 2028 жылы ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар, Астанада БҰҰ Өркениеттер альянсы аясында діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия өтті.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform