Тасмағамбетов, Берік Уәли мен Жақсылық Омар тойда жүр

Malim Админ

  • 09.10.2021

Қызыл аймақтағы Алматы қаласында өткен Қазақстанның Халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсыновтың 70 жылдық тойында біраз саясаткер мен әншілер төбе көрсетті. Олардың арасында зейнет демалысына шыққан Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар бар.

Той-думанның қалай өткені, ондағы би мен мен қонақтардың құттықтау сөздерінің видеосын Досхан Жолжақсыновтың әйелі, тележүргізуші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова Instagram-парақшасындагы сторизге салған.  Видеоға қарағанда, мерейтой Алматыдағы Svetlana Modern Cuisine банкет залында өткен.

Сториздегі видеолардан тойға әншілер Мақпал Жүнісова, Саят Медеуов, Алтынай Жорабаева, Қайрат Нұртас, fashion блогер Нұраш Жармұхамбетова, "Жігіттер" квартеті мен олардың продюсері Ерғали Әбдірайымов, тағы басқа әншілер мен актерлер барғаны көрінеді. Тойға барған әншілердің барлығы дерлік кезек-кезек ән шырқап, той иелері мен қонақтардың көңілін көтерген. Той иелері Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова да бірнеше ән орындаған.

Бір видеода Иманғали Тасмағамбетовтің Жолжақсыновтың әйелі Қарагөз Сүлейменовамен вальс билеп жүрген сәті көрінеді. Енді бір видеода президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Қарагөз Сүлейменовамен Алтынай Жорабаеваның орындауындағы үндінің көңілді әніне асыр салып би билеген сәті түскен. Тағы бір видео үзіндісінде Қарагөз Сүлейменованың зал ортасына шыққан Жақсылық Омарға қарата "ақсақал жасына енді қадам басып келе жатыр" дейді.

Айтпақшы, бұл Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың  карантин кезінде барған жалғыз тойы емес. Ақмола облысы "Балқарағай" демалыс кешенінде өткен тойға Жақсылық Омар  Бекболат Тілеухан және бұрынғы спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен бірқатар әнші қатысқаны жайлы әлеуметтік желіде фотолар 20 қыркүйек күні жарияланған. Бұл уақытта елде той өткізуге әлі рұқсат берілмеген болатын. Журналистердің тойға қатысқандар мен той өткен кешеннің иесі жауапқа тартыла ма деген сұрағына денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова бұл бойынша мониторинг топтарынан ешқандай материал түспегендіктен, жауапқа тартуға негіз жоқ екенін мәлімдеген.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов төрағалық ететін ведомствоаралық комиссия 27 қыркүйектен бастап елде еске алу, мерекелік шараларды өткізуге рұқсат етуді ұсынған. Қызыл аймақтағы қалалар мен облыстарда тойға 50-ден көп адам шақыруға болмайды.

Алайда Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 17 қыркүйек күні шыққан соңғы қаулысында Ashyq жобасына қатысатын банкет залдарына елуден аспайтын орынға ресторан және кафе түрінде қызмет көрсетуге рұқсат етілген. Жолжақсыновтың мерейтойынан жарияланған видеоларды талқылап кеткен әлеуметтік желідегі кей қолданушылар тойға 50-ден көп адам жиналған болуы мүмкін екенін айтып жатыр.

Malim.kz бұл мәселе бойынша жексенбі күні Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне хабарласып, той өткізген банкет залы мен оған қатысушылардың карантин талаптарын бұзған-бұзбағанын сұрайтын болады.

Досхан Жолжақсынов 7 қазан күні жетпіс жасқа толған болатын. Президент Тоқаев ұлттық мәдениет, кинематография мен театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін оны 7 қазан күні "Отан" орденімен марапаттады.

Оқи отырыңыздар: Тасмағамбетов, Уәли мен Омарға айыппұл салына ма? Бекшин орынбасарының жауабы

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады