Теңге құнсыздануы: Ұрлық жасамайтын жаңа адамдар керек

Malim Админ

  • 16.03.2020

Ұлттық банк бүгіннен бастап "еркін бағам белгілеу және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал ететінін" мәлімдеді. Сөйтіп, бір апта бұрын ғана "валюта нарығындағы тұрақсыздыққа жол бермейміз" деп бірлескен мәлімдеме жасаған үкіметтің пен ұлттық банктің уәдесі желге, доллар бағамы көкке ұшты.

Айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы 440 теңгеге жетті. Әдетте теңге құнсызданғанда Ұлттық банк төрағаларының барлығы дерлік баспасөз мәслихатын өткізіп, жағдайды түсіндіретін. Бас банкир Ерболат Досаев бұл жолы баспасөз хабарламасымен ғана шектелді.

"Ұлттық банк базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді жылдық 12% + /- 1,5 п.т. деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Сыртқы секторда қалыптасқан белгісіздік және COVID-19 коронавирусының, сауда соғыстарының таралуына, геосаяси шиеленістің өсуіне байланысты іске асырылған тәуекелдер жағдайында халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша әлемдік экономиканың айтарлықтай және ұзақ уақытқа баяулауы күтіледі. 2020 жылы әлемдік ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2008 жылғы әлемдік дағдарыс уақытынан бастап нашар көрсеткішке алып келуі мүмкін", – делінген ұлттық банктің баспасөз хабарламасында.

Қазақстандықтар бүгін таңертеңнен бері теледидар мен ғаламтордан телміріп күткен Тоқаев та өз мәлімдемесінде теңге девальвациясын айналып өтті. Президент үкімет пен ұлттық банк нендей шараларды қолға алатынын, доллар бағамының қайда жетіп тоқтайтынын да түсіндірмеді.

Қызығы, қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында АҚШ долларының бағамы белгіленбеген күйі қалды. Сағат күндізгі 11-ге дейін американдық валютаны ешкім алып сатпады. Бұл KASE-дегі ойыншылардың ешқайсысы валютаны сатқысы келмеді деген сөз.

Экономист Қасымхан Қаппаров өзінің Telegram-дағы каналында Дағдарыс пен теңгенің құнсыздануын талдап, ұлттық банкте теңге бағамын ұстап тұратын ликвидті резервтер жоқ депті. " Ұлттық банктің резервтерді соңғы бес жылда дұрыс басқармады. Резервтердің 70 пайызы алтын, ал алтынның әлемдік нарықтағы бағасы төмендеп барады. Өткен аптадағы интервенциялардан кейін ликвидті валюта резервтері 3 айлық импортты да жаппайды", – дейді Қ.Қаппаров.

Қасымхан Қаппаров өзінің Telegram каналында ұлттық банк пен үкіметтің қазіргі жағдайда нақты жоспар ұсынбауы экономика мен қоғамға қауіп төндіруші басты қатер деп екенін түсіндірген.

Сарапшы Айдар Әлібаев мәселе ұлттық банкте емес, билікте дейді. Оның айтуынша, билікке жаңа адамдар келмейінше, мәселе шешілмейді. "Ұлттық банктің бұл әрекеті күтілген, өйткені ұлттық банктің мәселені шешу үшін инструменттері аз. Ұлттық банк төрағасы, президент не десе де, жағдай бақылаудан шығып барады. Бұған дейін ұлттық банк Ұлттық қордан ақша алып, мәселені шешіп жүрді. Енді бұл әдіс жүрмейді, жарамайды. Жаңа әдістер керек. Жаңа әдістер, мәселені жаңа жолмен шешу үшін жаңа адамдар керек. Билікте қазіргі адамдар, министрлер, әкімдер отырғанда, жаңа әдіс болмайды. Олар отырғанда жағдай өзгермейді, өйткені олар конструктивті адамдар емес, жұмысынан пайда жоқ. Олардың бәрін алып тастау керек. Бізге ел болашағын, елдің дамуын ойлайтын, халықтың өмір сүру деңгейін көтеретін, ұрлық пен жемқорлыққа батпайтын жаңа адамдар керек", – деді А.Әлібаев.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев: 3 миллион адамға жәрдемақы беріледі

31.03.2020

Тоқаевтан Назарбаев атындағы Оқушылар сарайын салуды сұрап жатыр

22.06.2020

Жаңа жолдауды ескіше қолдау

02.09.2020

Қытай Қазақстанға медицина қызметкерлерін көмекке жіберіп жатыр

07.04.2020

«Қарапайым заттар экономикасы»: Үкімет қандай жеңілдіктер жасайды?

21.07.2020

Тоқаев: Кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек

24.11.2020
MalimBlocks
Тоқаев: 3 миллион адамға жәрдемақы беріледі

Тоқаевтан Назарбаев атындағы Оқушылар сарайын салуды сұрап жатыр

Жаңа жолдауды ескіше қолдау

Қытай Қазақстанға медицина қызметкерлерін көмекке жіберіп жатыр

«Қарапайым заттар экономикасы»: Үкімет қандай жеңілдіктер жасайды?

Тоқаев: Кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек