Алматы толықтай жабылады

  • 18.03.2020
  • Malim Админ

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов 22 наурыз сағат 00.00-ден бастап қала сыртына қойылған блок-посттар толық жабылады деді. Әкім орынбасарының айтуынша, қалаға келемін деушілер осы 72 сағаттың ішінде кіріп үлгеруі тиіс. Қаладан кетемін деушілер де осы уақыт ішінде шығып кетуі керек.

Бұл қала толығымен жабылады, әуе, автокөлік, теміржол қатынасы толық тоқтайды деген сөз. Қалаға тек жасыл дәлізбен қажетті тауар, азық-түлік пен дәрі-дәрмекті әкелуші көліктер ғана кіре алады.

Демек, қалаға сырттан қатынап жұмыс істейтін азаматтар да 22 наурыздан бастап Алматыға кіре алмайды. Е.Қожағапанов қалаға қатынап істейтін жұмысшыларды жұмыс беруші үй-жай, тамақпен қамтуы керектігін айтты. Егер жұмыс беруші мұны істей алмаса, онда жұмысшы қаладан шығып кетуі керек.

"Жұмыс берушілерден көп сұрақ келіп түсті. Барлығы үйге қайтуы керек. Алматыда тұрмайтын адамдар үйлеріне қайтып, үй шаруасымен айналыссын", – деді әкім орынбасары.

"Бірақ Алматыға әуе жолымен қайтып оралғысы келетін ҚР азаматтары  кіре алады. Елден шығып кеткісі келетін шетел азаматтары да ұшақпен елдеріне кете алады. Өйткені 72 сағат шектеу алыс елдерден  оралғысы келетін азаматтарға жетпей қалуы мүмкін. Әрине, оларды кіргіземіз", – деді Қожағапанов.

Алматының ішінде адамдар мен көлік қозғалысына шектеу қойылмайды.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы халықаралық тәжірибеге сай

12.03.2020

Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетеді

26.10.2020

Қызы шешесін өлтіріп, мәйітін жерқоймада жасырған

01.07.2021

Коронавирус: вакцина салу керек пе?

16.02.2021

Праймериз көшбасшыларды ғана емес, мықты сарапшыларды іріктеп беруі керек – Яков Федоров

24.07.2020

Бекшин локдаун туралы сұраққа жауап берді

27.04.2021