Жалағаш әкімдігінің 7 млн теңгесі желге ұшты

  • 27.03.2020
  • Malim Админ

Қызылорда облысына қарасты Жалағаш ауданындағы мәдениет үйінің небәрі екі ай бұрын жөнделген шатыры желге шыдамады. Жөндеуге кент әкімдігінен бақандай 7 млн теңге бөлінген.

Бүгінгі күні ғимарат шатырының бір бөлігінің сау-тамтығы қалмаған. Бастысы адам шығыны жоқ деп қуанған аудан шенділері тұрғындар қалтасынан жиналған бюджеттің қыруар қаржысын көзге ілмей отыр деп ашуланады көпшілік.

- Мұны сапалы материалдармен істеу керек. Дұрыстап байлау керек, бекіту керек. Бұған осыны істеткен әкімнен басқа ешкім кінәлі емес. Істеген адам қорықса да істейді. Әкім ешкіммен санаспай істей салады, сосын осындай болады да, - дейді аудан тұрғыны Оразбек АХМЕТОВ.

Жел жұлып кеткен шатыр...

Ақша бөлген ақ жағалылар 7 миллиондық шатырдың мезгілінен бұрын қирағанын сапасыздық деп санамайды да. Олар әдетегідей табиғаттан кінә іздейді. Мәдениет үйінің басшысы осылай деп жүр. Оның сөзіне сене салайын десең, жел қанша қатты болғанымен аудандағы сан жылдар бұрын салынған ғимараттардың шатыры орнында тұр. Дауыл басқа емес, әкім салдырған нысанның жап-жаңа шатырына өшіккен бе сонда?..

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Фотолар автордікі

Байланысты жаналықтар

"Шымкент сити" жобасы: Әр ауданның өз мектебі, өз саябағы, өз ауруханасы болуы керек

02.04.2021

178 миллионға 20 дәретхана салынбақ

04.08.2020

"Дәрігерлер еміне сын көзбен қараңдар"

26.07.2020

Ауылдағы науқастарды мал дәрігерлері қарайды

21.07.2020

Жаңа оқу жылында - жаңа пән

17.08.2020

Ең қадірлі мамандық – педагогика, ең сыйлы тұлға - мұғалім

29.09.2020