Волонтерлердің фронт-офисі 500 мың маска таратады

Malim Админ

  • 28.03.2020

BIRGEMIZ ұранымен 150-ден астам ұйымды біріктіретін  волонтерлердің фронт-офисі Президенттен 500 мың бірреттік маска алды. Барлық маскалар балалар үйлеріне, ауруханаларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына жақын уақытта беріледі. ⠀

Фронт-офис 150-ден астам ұйымды біріктіреді. Олар "Ұлттық волонтерлiк желінің", "Мейірімділер клубының" және "Астана жастарының" волонтерлері "Нұрлы жүрек", "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және елордалық Балалар үйінде болған.

Қазіргі таңда 14,5 мың маска тараттық. Қалған маскалар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж азаматтарға жақында таратылады - деді волонтерлардың бірі.

Ұлт денсаулығы үшін бұрын-соңды болмаған бүгінгідей ауқымды жұмыстар жасалып жатқан тұста ортақ іске әр адам өз үлесін қоса алады. Тіпті, қарапайым санитарлық ережелерді сақтау, өзін-өзі оқшаулау және маска кию осы індетке қарсы күресте аса маңызды рөл атқарады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, волонтерлік қозғалыстың құрметті елшісі ретінде осындай игі акцияға қатысып, мұқтаж жандарға маска алып бергеніңіз үшін Сізге еліміздің барша волонтерлері атынан алғыс айтамыз! - деп өз алғыстарын білдірді.

Байланысты жаналықтар

Аязды күні масканы қалай таққан дұрыс?

04.01.2021

Тараздағы жарылыс: «Мына түрімізбен мемлекеттіліктен айырыламыз»

27.08.2021

Мемлекеттен төлем алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді

29.03.2020

Бірінші жол: қазақ тілін өлтіру керек

25.12.2020

Берілмейтін 42 500: Министр кедейлерді қалай алдады?

07.05.2020

"Тоқаев үстемақыны ұпай жинау үшін айтқан жоқ шығар?"

16.06.2020
MalimBlocks
Аязды күні масканы қалай таққан дұрыс?

Тараздағы жарылыс: «Мына түрімізбен мемлекеттіліктен айырыламыз»

Мемлекеттен төлем алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді

Бірінші жол: қазақ тілін өлтіру керек

Берілмейтін 42 500: Министр кедейлерді қалай алдады?

"Тоқаев үстемақыны ұпай жинау үшін айтқан жоқ шығар?"