Үкімет өнім шығарушы кәсіпкерді ұнатады

  • 12.03.2020
  • Malim Админ

Үкімет кейінгі кезде «қарапайым заттар экономикасы» дегенге көп көңіл бөле бастады. Бұл бастамаманың көздегені не? Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдай отырып отандық тауарды арттыру. Сөйтіп, импортқа тәуелділіктен құтылу. Яғни, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды өз елімізде шығару. Наурыздың 12-күні үкімет үйінде жауапты шенділер жиналып алып, «қарапайым заттар экономикасын» және бір пысықтап көрді. Жиында премьер-министрдің  орынбасары Р. Скляр, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, оның орынбасары Э. Жұмағазиев баяндама жасап, кәсіпкерлік әлеуетті дамыту және тұрғындардың табысын көтеру мақсатында өңірлерде жүргізілген скрининг қорытындысына назар аударған. Соңғы бір айда ғана «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық офисіне 130-дай жаңа жоба келіп түсіпті. Қазір бір трлн теңгенің сомасына  227 жоба пысықталып жатыр екен. Яғни, кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық зор. Ал жобалардың қай салаға қатыстылығына келсек,  онда көш басында машина жасауға 55, азық-түлік өнеркәсібіне 37 өтініш түсіпті. Ауқымды қаржыға тапсырыс берген жобалар химия өнеркәсібіне  (324 млрд теңге), одан құрылыс материалдары өндірісіне (116 млрд теңге) тиесілі.

«Атамекен» ҰКП жүргізген өңірлер скринингі 2,2 млн үй шаруашылығын (10 млн тұрғын) және 788 мың кәсіпкерлік субъектісін қамтыпты.  Бұл скрининг кәсіпорындарға кадр қажеттілігін (105 мыңнан аса адам), кәсіпкерлікке оқуға дайын тұрғындар санын (153 мыңнан аса адам) және басқа да өлшемдерді анықтауға мүмкіндік бермек.  Және жергілікті билік, «Атамекен» палатасы және үкімет осы скринингке қарай отырып, жергілікті жерлерде қандай кәсіпкерлік пен кәсіпорындарды ашуды ақылдасып шешпек.

Сайтымызға үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі жиында жауапты тұлғалар импортты алмастыру жобаларын іріктеу регламентін  бекіткен. Енді ауыр өнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа өндіріс құру немесе қолданыстағы өндірісті кеңейтуде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 100 млн теңгеден кем емес, іске асыру мерзімі 5 жылдан аспайтын және басқа да өлшемдері бар  инвестициялық жобалар қаралмақ.

Ауыл шаруашылығы, химия, тоқыма, машина жасау және басқа да салаларда импортты алмастыру бойынша бірқатар нақты жобаларды қараған шенеуніктер осы жобалар аясында 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға және 350 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға болатынын атап өткен.

«Мемлекет отандық бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту шараларын іс жүзінде кеңейте береді», — деп премьер-министр Асқар Мамин жиынды аяқтап.

Байланысты жаналықтар

Мүгедекті алдай салу немесе қайырымды қаланың қайырымсыз кәсіпкерлері жайында

26.07.2021

Қытай зорлық-зомбылықты тоқтатып, мұсылман қауымының мәдениетін мойындауы тиіс

29.11.2020

2020 жылы үй бағасы өспейді

03.02.2020

Жергілікті өнімді қолдау керек

31.03.2021

Жақсылық Омар қыстай қар тазаламаған ба?

28.02.2020

Тоқаев әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

26.09.2020