"Енді митингіге рұқсат сұрамайсың"

Malim Админ

  • 09.04.2020

Журналист, Ұлттық кеңес мүшесі Асхат Садырбаев мәжіліс екінші оқылымда қабылдаған "Бейбіт жиын өткізу тәртібі туралы" заң жобасында қоғам пікірі ескеріліп, журналист жұмысын реттейтін баптардан арылды дейді. Асхат Садырбаев МӘЛІМ КЗ сайтына берген сұхбатында заң жобасындағы жаңа өзгерістер туралы айтып берді.

– Қоғамда осы заң жобасы туралы негативті, тіпті бұрмаланған пікір айтылып жатыр. Мысалы, митингтер өткізілетін орындарға келейік. Бұл жерде керісінше, митинг өткізілетін арнайы орындардың белгіленгені дұрыс. Оның үстіне ол орындар қаланың сыртынан емес, қаланың ішінде, есесіне, басқа қоғамдық орындар мен көшедегі адамдарға кедергі келтірмейтін жерден белгіленеді. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе.

Екіншіден, заң жобасының бастапқы нұсқасында жүрген журналистер жұмысын реттейтін баптар алынып тасталды. Өйткені журналист жұмысы "БАҚ туралы" заңмен реттеледі. Мұның бәрі қыруар жұмыс, карантин басталған соң, талқылаулар онлайн форматқа өтті. Өзім журналист болғандықтан, журналистерге қатысты пунктер жайлы сұрақ жолдадым, ұсыныстарымды айттым.

Астын сызып айтатын нәрсе, жалғыз адамдық пикетті енді қауіпті инфрақұрылым тізіміндегі нысандардан басқа кез келген жерде өткізе беруге болады.

Тағы бір маңызды дүние, бейбіт жиын өткізу үшін бұрынғыдай рұқсат сұрап, жауап күтудің қажеті жоқ. Заң жобасына сәйкес, митинг өтетіні алдын ала ескертіледі. Оның үстіне бастапқыда ескерту 15 күн бұрын беіледі делінсе, бертінде ол 5 күнге дейін қысқартылды.

Біз бейбіт жиын дегенде агрессивті, әдепсіз, мәдениетсіз топтың әрекетін елестетпеуіміз керек. Мәдениетті, өркениетті түрде өтіп, адамдар пікірін еркін білдіріп, айналасына, басқа адамдарға зиянын тигізбей ұйымдастырылатын митинг те – митинг. Сондықтан, меніңше, ол өткізілетін жерлерді шектеп, бір-екі жермен ғана қалдырмау керек деп ойдаймын. Меніңше, оның барлығы алдағы уақытта белгіленіп, хабарланады.

Фото: Sputnik Kazakhstan

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады