"Үстемақы медицина мамандарын ынталандырады"

Malim Админ

  • 12.04.2020

"Дәрігерлердің жалақысына қосылатын президенттік үстемеақы өте маңызды қолдауға айналды" дейді елордалық фтизиопульмонология орталығының дәрігері Марал Әбдірахманова.

«Біздің бөлімнің ұжымына кеше президент тапсырмасымен тағайындалған үстемеақы берілді. Ұжым атынан үкімет пен президентке  алғыс айтқым келеді. Барлық дәрігер, медбикелер, одан да басқа қызметкерлер осындай қиын кезеңде қаржылай көмек алып отыр. Олар мұнда күндіз-түні жұмыс істейді,коронавирустық инфекциямен алдыңғы шепте күресіп жүр. Медициналық қызметкерлерді үш топқа бөлді, ал ең жоғары қаупіте тұрған біздің ұжымға 3 ай бойы 20 АЕК көлемінде 850 мың теңге қосымша төленді. Оған дейін де президент тапсырмасымен сыйақы түскен еді, бұл медициналық қызметкерлерді ынталандырады», - деді М. Әбдірахманова.

Үстемақыан бөек қалалық фтизиопульмонология орталығының мамандарына басқа да қолдау көрсетіліп жатыр. Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлер «Hilton» қонақүйіне уақытша жайғасты және барлық тағаммен, жұмысқа барып-келетін арнайы көлікпен қамтамасыз етілді. Одан бөлек дәрігерлер арнайы киім, маска, көзілдірік сынды қорғаныс құралдарымен және иммунитетті нығайтатын дәрумендермен толық қамтылды. «Орталықта науқастарға қажетті барлық дәрі-дәрмек бар. Орталық дәрігерлеріне үздік клиника мамандары телефонмен және бейнебайланыспен консультациялық көмек береді. Мемлекеттің осындай қолдауы үшін қуаныштымыз. Әрине, біз де індетті еңсеруге бар күшімізді саламыз», - деді М.Әбдірахманова.

Еске сала кетсек, наурыз айының соңында ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы шараларға атсалысқан медициналық қызметкерлерге үстемеақы тағайындады.

 

 

Байланысты жаналықтар

178 миллионға 20 дәретхана салынбақ

04.08.2020

Бекшин той тойлау мен ас беруге тыйым салды

17.03.2021

Мамин: Үкіметтің міндеті – құрылыс қарқынын арттыру

25.04.2020

Алексей Цой неге Ресей вакцинасын салдырмады?

01.02.2021

Ғылымды қаржыландыру артады

15.03.2021

Шымқалада екі спорт алаңы ашылды

25.05.2021
MalimBlocks
178 миллионға 20 дәретхана салынбақ

Бекшин той тойлау мен ас беруге тыйым салды

Мамин: Үкіметтің міндеті – құрылыс қарқынын арттыру

Алексей Цой неге Ресей вакцинасын салдырмады?

Ғылымды қаржыландыру артады

Шымқалада екі спорт алаңы ашылды