Алматының бас санитар дәрігері ауысты

  • 18.04.2020
  • Malim Админ

Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің өзін кінәлаған Айзат Молдағасымова  Алматының бас санитары қызметінен кетті.  Оның орнын Жандарбек Бекшин басты.

"Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері болып тағайындалды", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Жандарбек Бекшин 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың наурызына дейін еліміздің бас санитар дәрігері қызметін атқарған.

Коронавирус індеті басталғалы бері Алматының бұрынғы бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымованың басы бірнеше рет дауға қалды. Наурыз айының басында елге Франкфурт арқылы ұшып келген А.Молдағасымованың рейсінен коронавирус жұқтырған адам табылса да, қаланың бас санитары карантинге бірден жатпай, жұмысқа шыққан.

Алматы қалалық орталық клиникалық аурухананың дәрігерлері коронавирус жұқтырғанда сұхбат берген А.Молдағасымова дәрігердің сақтық шараларын жеткілікті дәрежеде қолға алмады деп медицина қызметкерлерінің өзін кінәлаған. Осы мәлімдемеден кейін Алматы қаласы орталық клиникалық аурухана дәрігерлері президент Тоқаевқа хат жазып, араша сұраған.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы бизнестің тынысын ашар жаңа сауда амалы

18.02.2020

ОПЕК ұйымы 60-жылдығын тойлауда

14.09.2020

"2021 экология жылы болса"

27.07.2020

Жоқ коронатесті іздеген жүкті әйелдің зары

22.06.2020

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізгісі келеді

15.06.2020

Тоқаев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

11.05.2020