«Дені сау қызым перзнетханада қайтыс болды»

  • 05.02.2020
  • Malim Админ

2020 жыл Алматы облысының дәрігерлері үшін тағы да ана өлімімен басталды. Былтырдың өзінде аймақта 7 ана қайтыс болып, бұл көрсеткіш бойынша облыс алдыңғы қатарға шықты. Әрине, барлық салада тек көрсеткіштерді алға тартып, бәсекелесуді жақсы көретін біздің облыстардың дәл осы ана өлімі бойынша жарыстырып, қайсыбірінің бәйге алғанын қаламаймыз. Бірақ стаистика мен сандар солай.  Өңір басшысы Амандық БАТАЛОВ Қоғамдық кеңес алдында берген есебінде облыстағы өлім деңгейінің 3%-ға, ал бала өлімінің 3,2%-ға азайғанын қуанышпен жеткізген болатын. Бірақ сол жиында ана өлімі туралы мәлімет келтірмеген әкімнің бұл мәселені айналып өткісі келді деу қиын. Жалпы, бұл мәселе жетісулық шенділер үшін ғана емес Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ пен оның командасы үшін басқатырарлық  проблемаға айналғалы қашан?!

2020 жылдың қаңтарайының 14-де Алматы облысының Текелі қаласында қайғылы жағдай болды. 29 жастағы Шолпан МҰҚАНОВА қалалық  перзентханаға жедел-жәрдеммен жеткізіліп, ертесінде көз жұмған. Дәрігерлер кесер тілігімен шақалақты аман алып қалғанымен, анасының өмірін сақтай алмапты. Марқұмның артында 2 бала қалды.

Қапыда қызынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан отбасы әлі есін жия алмай отыр. Шолпан Мұқанованың босануға ай-күні де жетпепті. Іштегі сәбиіне 8 ай болған. Тек, қаңтар 14 күні сәл ауырыңқырап тұрғандықтан, анасы жедел жәрдем шақырған екен.

«Үйден кеткенде қызым сап-сау кетті. Қан қысымы 130 болды, ауруханаға сағат 8:40-та бірге кірдік. Мені ары қарай кіргізбеді. Кеш батқанда қыздарыңыз қайтты, жағдай солай болды деп айтты. Аяқасты қан қысымы көтеріліп, отслойка планцеты болды деді. Сөйтіп ота жасаған екен. Бүйрегі «отказ» берді дейді. Қалайша бұрын бүйрегі ауырмаған жап-жас қызымның аяқасты бүйрегі ауыра қалды? Мүмкін емес. Бұл жерде дәрігерлердің қателігі бар», - дейді марқұм Ш. Мұқанованың анасы Гүлбану МҰХАМЕДЖАНОВА

Дәрігерлердің айтуынша, бала жолдасының толық ажырауына байланысты шұғыл түрде кесер тілігін жасауға тура келген. Осылайша, нәрестені іштен аман алып шыққан. Алайда, отадан кейін анасының жағдайы күрт нашарлаған көрінеді.

Елена ЦЕЛИЩЕВА Текелі қалалық ауруханасының директоры: «Біз бәріміз аман алып қалуға тырыстық. Бұл біздің басты – міндетіміз. Мұндай потологиямен облыстық перинаталдық орталыққа жіберу керекпіз. Бірақ, ана мен бала өміріне қауіп төнгендіктен, шұғыл әрекет етуге тура келді. Ал, келіншектің жағдайы қиындаған соң, облыстан мамандар шақырттық. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Келесі күні гемодиализ аппаратына жатқызу үшін Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жібердік».

Облыстық ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер жас келіншектің өмірін сақтап қала алмаған. Қазір бұл жағдай бойынша, арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тексеру жүріп жатқан көрінеді. Марқұмның ата-анасы қорытынды шешімді күтіп отыр. Кінәлілер анықталса, қатаң жазалауды талап етпекші.

«Енді осындай жағдайды басқа біреулердің басына бермесін деп, бұл істі адвокатқа беріп отырмыз. Кінәлілердің жазалануын талап етеміз», - дейді марқұм Ш. Мұқанованың әкесі Айдар ӘЛИБЕКОВ.

Бұған ұқсас қоғамды дүр сілкіндірген жағдай өткен жылдары Сарыөзектегі аудандық орталық аурухана мен Ұйғыр ауданының Бахар ауылында болған еді. Ұйғыр ауданындағы дәрігерлер босану үшін келген бір ауылдың 2 бірдей әйелінің өмірін сақтай алмап еді. Алайда, марқұмның туғандары келтірген дәйектерге қарамастан кінәлі дәрігерлер әлі жауапқа тартылмай жатқанын айтады. Ал Денсаулық сақтау министрі Елжан АМАНТАЙҰЛЫ мұндай мәселеде жауапкершілікті ең бірінші боп өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының басшылары алуы керектігін саны рет ескерткен еді. Бірақ ана өлімі бойынша көш бастап тұрған Алматы облысын басқарма басшысы Бауыржан ЫСҚАҚТЫ орнынан алып тастағанмен, немес оны жауапқа тартқанмен мәселе түбегейлі шешіліп кетпес. Проблеманың себебін басшыдан көретін Біртановтың ойы қаншалықты дұрыс екенін уақыт көрсетер. Оған дейін Алматы облысындағы ана өлімінің стаистикасы да өзгеріп қалар.

                                                                                                                                                         Ербол ІЛИЯС

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Вакцина салдырайын десең

18.05.2021

Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетеді

26.10.2020

"Ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз"

15.12.2020

Киік мүйізін «кәсіпке» айналдырғандар ұсталды

02.03.2020

Карантин қайта енгізілуі мүмкін

28.09.2020

Академик Уахит Шәлекенов дүниеден озды

18.11.2020