Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Отбасы жайлы хадистер

Бүгін - Отбасы күні

malim Авторы: malim
15.05.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін – отбасы күні. Отбасының берекесі өте маңызды. Қазір бас қосқандардың тең жартысы ажырасып кетіп жатыр. Оның бәрі отбасы маңыздылығын түсінбегендіктен. «Отан – отбасынан басталады» десек, сол бастауға әрдайым берік, адал, мұқият болған жөн. Отбасылық татулық пен берекені, тыныштықты сақтап, бақытты болуды асыл дініміз  қуаттайды. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистері арқылы бақытты отбасының жолын көрсетті. Ендеше хадистерге назар аударайық.

  1. «Мына дүниенің жалғандығы – ол өткінші бір өмір ғана. Өткінші өмірдегі қолдануға берілген жақсылық – ол салиқалы, жақсы әйел».
  2. «Жанұяңыз үшін нені сарп қылсаңыз да, оның сыйын аласыз, тіпті ол әйеліңіздің аузына қолыңызбен салған бір тілім ас болса да» .
  3. «Шындығында, Қиямет күні Алланың алдында дәрежесі төмен адам, ол ері әйелімен сырласса және әйелі ерімен сырласса, кейін екеуінің бірі жұбайының сырын басқаларға таратып қоятыны».
  4. «Ері мен әйелі бір-біріне сүйіспеншілікпен, мейіріммен қараса, Алла Тағала да оларға сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарайды».
  5. «Әйелдерге жақсы қараңдар. Өйткені әйел заты қабырғадан жаратылған. Ал қабырғаның ең қисық жері – жоғарғы жағы. Егер оны түзеймін десең, сындырып аласың. Ал тиіспей қойсаң, сол қисық қалпында қалады. Сондықтан әйелдерге жақсы қараңдар».
  6. «Әйелмен қарым-қатынас жасауда Алладан қорқыңдар! Шындығында, Алла оларды сендерге аманат етті және оларды алар кездеріңде сендер Алланың атымен ант еттіңдер».
  7. «Сендердің ең жақсыларың – отбасы мүшелеріне жақсы мәміледе болғандарың…»
  8. «Әйел бес уақыт намазын оқып, ар-намысын қорғап, еріне бағынса, жәннаттың қалаған есігінен кіреді».
  9. «(Әйеліңе!) Өзiң жегенiңнен жегiзу, өзiң кигенiңдi кигiзу. Және оның бетiнен ұрма, сондай-ақ балағаттап жаман сөз айтпа! Үйiңнен тыс орында дауысыңды көтерiп ұрыспа!»
  10. «Әйеліне бір мәселені үйреткенге  жетпіс жылдық  құлшылық сауабы беріледі».
  11. «Мүмін ер өз әйеліне ренжімесін. Себебі, мінезінің нашар тұстарымен қатар, жақсы жақтары да болады».
  12. «Әйел әлсіз болып жаратылған. Сондықтан ол әлсіздікті үнсіздікпен жеңіңдер және оның кемшіліктерін елемеуге тырысыңдар».
  13. «Ең жақсы мұсылман – көркем мінезді және жұбайына жақсы қарайтыны».
  14. «Кімде-кім әйелін ұрса, қияметте ол менің дұшпаным болады. Әйелін ұратын ерлер – Аллаға және Оның елшісіне қарсы шығатындар».
  15. «Әйелдеріңе қиянат жасамаңдар! Олар – Алланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ болыңдар және оларға жақсылық жасаңдар».
  16. «Әйеліне жұмсақ болған және күлімсіреп қараған кісіге бір құл азат еткендей сауап жазылады».

Дереккөзі: ihsan.kz, muslim.kz

Tags: Ер мен әйел исламдаЕрдің әйело алдындағы міәндеттеріНеке мәселесіОтбасы жайлы хадистерОтбасы және ИсламОтбасы күні

Ұқсас жазбалар

parlam.kz

Жаңа депутаттардың оқымаған оқуы жоқ

Авторы: malim
15.01.2021
0

VII шақырылымдағы мәжіліске агроном, мал дәрігері мен зооинженерден бастап философ пен тарихшыға дейінгі әртүрлі мамандық иелері жиналыпты. Депутаттардың арасында бір...

Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

Авторы: malim
15.01.2021
0

Парламент мәжілісінің VII шақырылымдағы депутаттары жаңа спикерді сайлады. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан Нұрлан Нығматулинді спикер етіп сайлады....

https://365info.kz/

Тоқаев сайлау бюллетеньдеріне “бәріне қарсымын” графасын енгізуді ұсынды

Авторы: malim
15.01.2021
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға төмендетуді ұсынды. "Мәжіліске саяси партиялардың...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“2023 жылы ұстаздардың айлығы 550 мыңға жетпек”

02.02.2020

Тағы да карантин жариялануы мүмкін

01.07.2020

Үш қыз – Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер

06.03.2020
Жас жазушылар: Досхан Жылқыбай, Темірлан Қылышбек, Есбол Нұрахмет

«Матрица», «Алма» һәм «Өсек» жайында

19.04.2020

Бас санитар: Той өткізуге рұқсат жоқ

02.06.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!