Тоқаевтың Нұрқаділовке хаты

  • 31.05.2020
  • Malim Админ

"Заманбек НҰРҚАДІЛОВ терең білімді, парасатты, дара тұлғалы азамат". Бұл президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ сөзі. Мақпал ЖҮНІСОВА 2004 жылы Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ жарына жолдаған құттықтау хатын Инстаграм парақшасына жариялады. Құттықтау хаты Заманбек ҚАЛАБАЙҰЛЫНЫҢ 60 жылдық мерейтойына орай жіберілген. Ол кезде болашақ президент ҚР Сыртқы істер министрі қызметінде болған екен.

«Құрметті Заманбек Қалабайұлы! Сіздің отбасыңыздағы қуанышқа толы мереке – асқаралы 60 жасқа толған бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің терең білім мен парасаттылықты бойына бекем сіңірген дара тұлғалы азамат, қоғамымызда қарымды қадам белсенділігіңізбен ерекшеленген білікті басшы ретінде елімізге етене танымалсыз. Осы ретте ел мүддесі жолындағы игілікті істердің бел ортасында жүрген Сіздің есіміңіз ел аузында алғашқылардың бірі болып аталарына күмән жоқ», - делінген екен құттықтау хатында.

Бұл хат тура саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туған күні 15 қаңтар күні жолданыпты.

«Сіз Алматы мен Алматы облысының бірінші басшысы қызметінде де мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қостыңыз. Алдағы уақытта да белді бекем буып қызмет етіп отырған Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің төрағасы лауазымында қолға алған әрбір істеріңіз оң нәтижелерге жеткізіп, отандастарыңыздың ыстық ықыласына бөлене беруіңізге шынайы көңіліммен тілектестігімді білдіремін. Бүгінгі дүбірлі мереке, ең біріншіден, отбасыңызға, барша әулетіңізге тек қуаныш сыйласын. Отбасыңызға қашанда амандықта болып, шаңырағыңыз шаттықтан, құт-береке арылмасын!» - деп аяқталады хат.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Коллаж: Мәлім кз

Байланысты жаналықтар

Жастарды жұмысқа шақырып жатыр

07.04.2021

Маскүнемдік дерті

28.07.2021

Нұр-Сұлтанның көшелері көлге айналды

27.06.2020

Пандемия кезінде еріктілердің рөлі артты

03.12.2020

Құрбан айтта полиция мал іздемек...

29.07.2020

Партия тұрғындарды министрмен кездестірді

03.02.2020