Таймерденов: "Оның енді полицияда қызмет еткен-етпегені маңызды емес"

Malim Админ

  • 02.06.2020

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов: "Блокбекетте полицейлерді қағып кеткен BMW жүргізушісі полицияда қазір жұмыс істей ме, жоқ па маңызды емес", - дейді. Бұл туралы Мalim.kz  Sputniknews.kz. сайтына сілтеме жасап, хабарлайды.

Қанат Таймерденовтің айтуынша, осы жағдай бойынша тергеу қорытындысын күту керек. Бұлоқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Болған оқиға жайлы көп нәрсе айтылып, көп нәрсе жазылды. Иә, таяуда жұмыстан кеткен қызметкер жол апатына ұшырады. Алматы облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу бастады. Төтенше жағдайдың қай өңірде болғанын анықтау мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Көлікте осы күнге дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеген немесе жұмыстан шығарылған адам отырды ма - дәл осы жағдайда оның маңызы жоқ. Ол көлікке мас күйде отырды, барлығын біліп тұрды. Қылмыс жасады, сол үшін жауап береді. Бұл ең бастысы. Сондықтан мен әлеуметтік желілерде мәлімдемелер жасап, қауесет таратпауды және тергеудің ресми қорытындысын күтуді сұраймын", - деген Таймерденов.

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды.

Байланысты жаналықтар

Карантин режимін бұзғандарды "Сергек" арқылы ұстамақ

30.03.2020

Жыл басынан бері 50-ге жуық заң бұзу фактісі тіркелген

20.02.2020
MalimBlocks
Карантин режимін бұзғандарды "Сергек" арқылы ұстамақ

Жыл басынан бері 50-ге жуық заң бұзу фактісі тіркелген