Бокстан Әлем кубогының чемпиондары белгілі болды

Астанада World Boxing Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
55 келі салмақта Махмұд Сабырхан Әлем кубогінің ақтық сайысында жапониялық Руи Ямагучимен жұдырықтасу керек еді. Отандасымыздың қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты Махмұд Сабырхан Әлем кубогінің чемпиондық атағына қол жеткізді.
48 келі салмақты Назым Қызайбай финалда үндістандық Минакши Минакшиді жеңді.
85 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды. Ол финалда үндістандық Жугно Жугномен жұдырықтасып, жеңіске жетті.
80 келіде сынға түскен Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз финалда француз Иожерлин Сезарге есе жіберіп, күміс жүлде иеленді.
Фото: ҚБФ


Ең көп оқылған
