457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада жылу беріле бастады

Бүгін қалада орталықтандырылған жылу беру кезеңі іске қосылады

Бүгін, 28 қыркүйекте сағат 14:00-ден бастап қалада орталықтандырылған жылу беру кезеңі іске қосылады. Бұл туралы тұрғындарға таңертең ресми хабарлама таратылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Назар аударыңыздар:

  • Жылу қосылған уақытта пәтерде болғаныңыз дұрыс.
  • Егер жақында жөндеу жүргізсеңіз, радиатордағы крандар мен тығындардың дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
  • Жөндеу барысында радиатор алынған болса, оны уақытылы орнына қойып, міндетті түрде үй басқарушысына хабарлаңыз.
  • Радиаторлардың бүтіндігі мен зақымданбағанын қарап шығыңыз.

Жылу бірден емес, кезең-кезеңімен беріледі. Сондықтан процесс бірнеше күнге созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде қала бойынша ыстық су мен жылудың қысым параметрлері уақытша төмен болуы ықтимал. Бұл жағдайға түсіністікпен қарап, толық аяқталуын күтуіңіз сұралады.

Жеке өтінімдер мен ақылы қызметтер біраз уақыттан кейін орындалады, себебі барлық техникалық мамандар алдымен жылу беруді қамтамасыз ету жұмыстарына жұмылдырылған.

Апаттық жағдай туындаған жағдайда тәулік бойы қабылдайтын диспетчерлік қызметке хабарласуға болады:

+7 (711) 060-47-77
+7 775 542-55-13

Фото: SBenitez / Getty Images