Ертісбаевтың сұхбаты. Тоқаев, Әблязов және Мамай жайлы

Malim Админ

  • 04.06.2020

Қазақстанның бұрынғы ақпарат министрі, президент кеңесшісі болған Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ turantimes.kz сайтына сұхбат берді деп хабарлайды МӘЛІМ КЗ.

«Бұлбұл» атанған саясаткердің ендігі саяси миссиясы Мұхтар ӘБЛЯЗОВТЫ әшкерелеу екен. Бұл жаңа қызметінде Әблязовты сынайтын айтыскер Ринат ЗАЙЫТОВТЫҢ өзін артқа қалдыруға ықласты екен.

«Ол өзін оппозицияның лидерімін деп есептейді. Өзіне балама жоқ деген пікірде. Барлығын ҰҚК-тің тыңшылары деп айтады. Ермек НАРЫМБАЙ туралыда сөйдеді. Мен барлығына Әблязовтың саяси өлік екеніне иландырғым келеді. Көпшілік қазақстандық сотқа сенбейді. Бірақ оның активтерін Англия соты бұғаттап тастады. Сотты сыйламағаны үшін 22 айға қамау туралы үкім шығарды. Оның серіктесі Виктор және Ілияс ХРАПОНУВТАРҒА қатысты шешім шығарды. Әблязов түрмеге қалай түспеу туралы марқұм Рахат ӘЛИЕВТІҢ кеңесін де алған. БТА банкіне рейдірлік жасап, Ержан ТӘТІШЕВТІ өлтірді. 7,5 млрд доллар жымқырды», - дейді Ертісбаев.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ экс-кеңесшісі Әблязов Қырғыз Республикасындағы радикалды оппозицияға демеушілік жасап, Қытайдағы ұйғыр сепаратистерін қолдаған дейді.

«Мен қуғындағы банкирдің саяси тұрықталығымыз бен еліміздің дамуына қауіпін түсінемін. Оның артында Батыстың ықпалды тобы тұр. Олар ООН-ғы қауіпсізідік кеңесінің екі мүшесі Ресей мен Қытаймен көршілік жақсы қарым-қатынаста болғанымыз ұнамайды. Ол - әрине бұл ойында «пешка», - деді Ертісбаев.

Сондай-ақ, экс-кеңесші қазір билік әлсіреп кетті деген пікірмен келіспейтінін және Тоқаев пен Назарбаев тандемі өз нәтижесін беріп жатыр дейді.

«Тоқаев өзін мықты басшы екенін көрсетті. Президент ретінде Арыс проблемасын шешті. Мақтааралдағы жағдайды реттеп жатыр. Пандемияны да басымыздан жаман өткеріп жатқанымыз жоқ. Мемлекет басшысы өз позициясын нықтап, қосымша халық сеніміне бөленіп жатыр», - деді Е. Ертісбаев.

Сұхбат беруші митингі үндеп жүрген «Көше партиясына» қатысты пікір білдіріп, Қазақстан Демократиялық партиясын құруға ықласты Жанболат МАМАЙҒА кеңес те беріп кеткендей болды.

«Митингті тек қана Көше партиясы өткізейін деп жатқан жоқ. Жанболат Мамайда ықыласты. Оған әлдеқайда оңай. Ол үшін мүделес қолдаушыларын жинап, саяси ұпайға ие болып, паралмент сайлауына дейін партиясын тіркеп үлгеру керек. Әрине, ол да денсаулығына және серіктерінің денсаулығына қатер төндіріп отыр. Пандемия кезінде митинг өткізу саяси жауапсыздық», - деді Ертісбаев.

Айтпақшы, саясаткер жыл соңында өте тартысты парламенттік сайлауға болады деді. «Nur Otan» бұл жолы абсолютті көп дауысқа ие болмайды деген болжам жасады.

Фото: nur.kz

 

Байланысты жаналықтар

"СҚ-Фармацияны" Мәминнің бұрынғы кеңесшісі басқарады

12.07.2020

Ақтөбеде дәрігерлер митингіге шықты

10.04.2020

Саналы қоғам қиын кезде иық тіреседі

30.03.2020

Назарбаев едел-жедел Мәскеуге ұшып кетті. Не үшін?

30.06.2021

Әбдірайымов Баталовқа қабылданбаған ғимаратты ашқызыпты

23.07.2020

Тоқаев уәдесінде, Тоғжанов сөзінде тұра ма?

05.07.2020
MalimBlocks
"СҚ-Фармацияны" Мәминнің бұрынғы кеңесшісі басқарады

Ақтөбеде дәрігерлер митингіге шықты

Саналы қоғам қиын кезде иық тіреседі

Назарбаев едел-жедел Мәскеуге ұшып кетті. Не үшін?

Әбдірайымов Баталовқа қабылданбаған ғимаратты ашқызыпты

Тоқаев уәдесінде, Тоғжанов сөзінде тұра ма?