Тоқаев: Қордайдағы оқиға кезінде адам шығыны болды

  • 08.02.2020
  • Malim Админ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалға қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме Ақорда сайтында жарияланды.

"Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды. Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды", - дейді Қ.Тоқаев. Бірақ Тоқаев оқиға кезінде қанша адам қаза тапқанын айтпады.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, оқиға кезінде 8 адам қаза тапты.

Тоқаевтың айтуынша, полиция мен ұлттық ұлан Жамбыл облысындағы оқиғаны бақылауға алған.  Сондай-ақ Тоқаев оқиғаның себебін анықтайтын үкімет комиссиясын құруды тапсырған. Оған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев төрағалық етеді. Президент қаза болғандарды жерлеу мен зардап шеккендерге жергілікті әкімдіктің көмектесетінін айтты.

Сонымен қатар президент қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатынын ескертті. "Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді", - делінген Тоқаевтың мәлімдемесінде.

Фото: akorda.kz

Байланысты жаналықтар

Волонтерлердің фронт-офисі 500 мың маска таратады

28.03.2020

СЭС басқармасы өмірде жоқ күзет қызметіне миллиондар жұмсаған

23.04.2021

Алматыда коронавирустан аурухана қызметкері қайтыс болды

16.05.2020

Әкім Сқақов: Павлодар аты өзгермейді

06.02.2020

Ішімдік – жүйке уы

19.02.2020

Жеке кәсіпкер табыс салығын төлемейді

03.04.2020