Мешітке отыз адамнан артық кіруге болмайды

Malim Админ

  • 12.06.2020

9 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілетіндігі туралы мәлімдемесі жарияланған болатын. Бірақ Алматы қаласында коронавирус инфекциясының күшейіп кетуіне байланысты қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин діни ғимараттарға кіретін адам саны шектелетінін айтты.

"Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады. Тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және атрибутикаларды сату рұқсат етіледі.

Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек. Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты.

Өз кезегінде, діни ғимараттарға келуші жамағаттан қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауды және барлық санитариялық талаптарды сақтауды сұраймыз", - деді Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Байланысты жаналықтар

Алматы әкімдігі жемқорлыққа жол беріп отыр ма?

21.08.2023

Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовтің заңсыз істері анықталуда

16.08.2023

Алматыда құрбандық шалуға рұқсат етілген 14 орын бар

26.06.2023

Алматыда жаңа әлеуметтік кодекс қызу талқыланып жатыр

20.04.2023

Бекшин зейнетке шықпақ

24.12.2021

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021
MalimBlocks
Алматы әкімдігі жемқорлыққа жол беріп отыр ма?

Алматы қаласы әкімдігі 20 модульдік типтегі әжетхана орнату үшін бюджеттен 160 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Яғни әжетхананың әр данасын 7,9 млн теңгеге сатып алған.

Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовтің заңсыз істері анықталуда

Ахметжан Есімов Алматы қаласының әкімі болған кезінде заңсыз берген 7 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

Алматыда құрбандық шалуға рұқсат етілген 14 орын бар

Құрбан айт мейрамы 28 маусымға, сәрсенбіге түсіп тұр. Сол күн еліміз бойынша демалыс.

Алматыда жаңа әлеуметтік кодекс қызу талқыланып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында бекіткен әлеуметтік кодекстің жаңа нормалары жергілікті жерлерде талқылаудан өтіп, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл кодекстің жаңа нормалары шілде айының бірінен қолданысқа енеді.

Бекшин зейнетке шықпақ

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров