Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жұмыстан кетті

Оқиға
Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жұмыстан кетті

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді деп хабарлайды Malim.kz.  

Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Әсем Нүсіпова 2025 жылдың 7 тамызынан өз еркімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті.


Ол 2022 жылдың ақпан айынан бастап білім беру, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларын қадағалап келген.

Еске салайық, маусым айында Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Олжас Смағұлов тағайындалды. Ол бұл лауазымда Әлішер Әбдірқадыровты алмастырған болатын.

Бұған дейін Алматыда бірнеше басқарма басшылары да ауысты. 21 шілдеде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Пашимов тағайындалды.

Оның алдында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметіне Алмас Жанбыршы тағайындалды.

Сондай-ақ энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Нұрбақыт Серікбай тағайындалды.

Фото:  Алматы әкімдігі

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу