Түрмеге экскурсия жасаған шенеунік пара алмай ма?

Malim Админ

  • 10.02.2020

Қарағанды қаласының шенеуніктері тергеу изоляторын аралады. Бұндай экскурсия жемқорлықтың алдын алу үшін ұйымдастырылыпты. Бұл туралы аймақтағы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Қарағандыда  басқарма  бастықтарын АК 159/5 тергеу изоляторына экскурсияға алып барды. Мұнда "пара алып жаза бассаңдар, көретін жерлерің осы" деген мақсат бар. Шенеуніктерді түрмемен таныстыру шарасын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  департаменті ұйымдастырған екен. Ұйымдастырушылар "қылмыс жасап темір торға қамалғандардың тұрып жатқан орнын көрудің өзі кез келген шенеунікке ой салуы тиіс" деген пікірде. Айта кету керек, мұндай жоба Қарағанды облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Тергеу изоляторының мамандары "түрмеге келген қонақтарға" сотталушылардың жатын орындарын, кітапхана, тергеу жүргізетін кабинеттерді, төбесі темір тормен қоршалған айыпталушылардың қыдыруға шығатын алаңдарын көрсетіп таныстырды. Экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісуге аса құлық таныта қоймаған, шенеуніктер бұл жердің үрей туғызатынын жасырмады.

Мұндай шараның өңірде өткізіліп отырғаны да тегін емес екені анық. Өйткені Қарағанды аймағында ірі көлемде пара алып, темір торға түскен шенеуніктер аз емес.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Фотоны автор ұсынды.

Байланысты жаналықтар

Қызылордада бастықтар полицейлерге ұйқы бермейді екен

17.05.2020

НАЦИОНАЛЬНОЙ ПЕРЕПИСИ НАСЕЛЕНИЯ БУДЕТ ПРОВОДИТЬСЯ В ЭЛЕКТРОННОМ ФОРМАТЕ

12.05.2021

Үкімет ай қарап отыр ма: 187 мың науқастың көз жасы

29.07.2020

Түріктің Тәңірі берген несібі – Түркістан

12.04.2021

Асқар Мәмин: «Бір терезе» шілдеге дейін ашылсын

25.02.2020

Шекарадағы жағдай: Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына «құлақ салмауда»

10.06.2020
MalimBlocks