Прокуратура мен агенттікті «соғыстырған» шенеунік қызметінен кетті

Malim Админ

  • 10.02.2020

Прокуратура мен жемқорлыққа қарсы агенттікті «соғыстырған» әкім орынбасары қызметінен кетті.

Бүгін аппарат жиынында Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ орынбасары Бағдат МӘНІЗОРОВТЫҢ өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Бағдат Мәнізоров қызметінен өз еркімен кетті. Қызмет барысында кәсіби маман әрі білікті басшы екенін көрсете алды. Арыс қаласын қалпына келтіруге барын салды. Сондай-ақ, облыстағы газдандыру жұмыстарына еңбегі сіңді», - деді жиын барысында Амандық Баталов.

Өз кезегінде әкімнің бұрынғы орынбасары да әріптестеріне жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

«7 ай ішінде біраз шаруаны бірлесіп атқардық. Алғашқы іс-сапарымда облыс басшысымен бірге Арыс қаласына бардық. Бәрі ойдағыдай өтті. Алматы облысы - кіндік қаным тамған жер, менің кіші отаным. Бұл аймаққа еңбегім сіңсе тек қуанамын», - деді Бағдат Мәнізоров.

Еске салайық, Бағдат МӘНІЗОРОВ 2019 жылы шілдеде Алматы обысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Алайда аталған қызметке кіріскелі  2 ай өтпей жатып ұсталғаны туралы ақпарат тарады. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі ол ақпаратты қыркүйектің 27-де растады. Бірақ қарашаның басында Бас прокуратура бұл іс тоқтатылғанын хабарлаған. Осылайша, Мәнізоров судан ақ, сүттен таза болып жұмысына қайта кіріскен болатын.

Ербол ІЛИЯС

Фото: kaznews.kz

Байланысты жаналықтар

Ең жемқор министрлікті Тұрғымбаев басқарады

13.02.2020

«22 жылқымның төртеуі өлді, 11-і өлімші хәлде»

25.08.2021

Түрмедегі кісі өліміне күдікті жеті адамға араша сұрайды

07.02.2020

Қырғыздар президентін сотқа беріп жатыр

15.07.2020

Үш жүз спартактан асып түскен бір қазаққа Путин неге батыр атағын бермейді?

24.02.2021

Карантинде кәсіпкерге бұйырған несие

25.05.2020
MalimBlocks
Ең жемқор министрлікті Тұрғымбаев басқарады

«22 жылқымның төртеуі өлді, 11-і өлімші хәлде»

Түрмедегі кісі өліміне күдікті жеті адамға араша сұрайды

Қырғыздар президентін сотқа беріп жатыр

Үш жүз спартактан асып түскен бір қазаққа Путин неге батыр атағын бермейді?

Карантинде кәсіпкерге бұйырған несие